15-09-2015 Қуанышы қойнына сыймай

Бүгін The Ritz-Carlton бес жұлдызды қонақүйінде керемет экскурсия өтті. Әйгілі халықаралық...

Бүгін The Ritz-Carlton бес жұлдызды қонақүйінде керемет экскурсия өтті. Әйгілі халықаралық желі қонақүйі Алматы қаласының сөз сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 9 арнайы (оңалту) мектеп-интернатының 7-8 сыныптарының 20 ұл-қызы үшін есігін ашты. Бұл экскурсия қонақүй әкімшілігінің бастамасымен өткізілді. Осындай керемет нысанды сәнді қонақүй қайырымдылық ісіне қатысты.

Біздің қамқорлығымыздағы  балалар үшін қонақүйдің нөмірлеріне экскурсия дайындалды. Екі топқа бөлінген балалар люкс нөміріне, президенттік нөмірге барып, қонақүйдің бүкіл сәнді байлығын өз көзімен көрді.

Біздің экскурсия жүргізушілеріміз – сату жөніндегі аға менеджер Елена Майорова және банкеттер мен конференцияларды ұйымдастыру жөніндегі аға маман Айбек Нұржанов осы керемет нөмірлерде кімнің тұрғаны, Ritz-Calton желісінің пайда болғаны, қонақүйлер қай құрлықта және қандай елдерде бар екендігі туралы қызықты әңгімелер айтты. Бұдан басқа, балалар президенттік нөмірге арналған жуынатын бөлменің қайдан әкелінгенін, нөмірлерде қызмет көрсетудің қандай мүмкіндіктері бар екендігін білді. Балалар президенттік нөмірде орнатылған кәдімгі келіссөздер үстеліне отырып, өздерін қонақүйдің шын тұрғындары ретінде сезінді.

Ritz-Carlton қонақүйі нөмірлерінің басты көркі әрине терезеден қарағандағы көрініс болып табылады. Балалар бұл күні ашық әрі тамаша ауа-райы болғандықтан біздің әдемі тауларымыз бен қала көрінісін толығымен тамашалауға мүмкіндік алды.

Балалар өздеріне экскурсия жүргізушілерге көп сұрақ қойды, олардың арасында: «Қонақүйге жұмысқа қалай тұруға болады?», «Ол үшін қандай жоғары оқу орнын бітіру керек?», «Қонақүйде қандай әйгілі адамдар тоқтады?», «Бұл қонақүйде тұру қанша тұрады?» және тағы басқалары. Біздің экскурсия жүргізушілеріміз барлық сұрақтарға жан-жақты және қызықты жауап берді.

Балалар экскурсиядан көп әсер алды, үлкен ризашылықпен суретке түсіп, селфи жасады. Экскурсия соңында әрбір топ тәттілер салынған қорапша алды, себебі TheRitz-CarltonAlmaty қонақүйінің қағидаттарының бірі "біздің қонақүйден ешкім де сыйлықсыз кетпейді» болып табылады.

№ 9 интернаттың тәрбиеленушілерінің атынан біз қонақүйдің әкімшілігіне және қызметкерлеріне біз үшін қайырымдылықтың тағы бір нысанын ашқандары үшін алғыс айтамыз. Бұл экскурсия кейбір балалар үшін өмірде қандай да болмасын арман немесе мақсаттың туындауына түрткі болуы мүмкін.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп