Бүгін Британ-Қазақ Қоғамының (British-Kazakh Society, BKS) атқарушы директоры Гауһар Брамлей-Фентон және қорымыздың республикалық жобаларының жетекшісі Артём Радайкин Алматы қаласының ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы (оңалту) мектеп-интернатына келді. 2015 жылғы 22 мамырда өткен The British-Kazakh Society Charity Afternoon Tea барысында 709 500 теңге жиналғанын еске түсірейік, оны «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Ойнаймыз және дамимыз» жобасын іске асыруға бағыттады. Біз осы мектептің сыныптарына арнап, көрнекі материалдың 7 арнайы білім беру жиынтығын және «Нумикон» әдістемесін сатып алдық. Бұл әрі әдістеме, әрі көрнекі материал жиынтығы, оны Ұлыбританияда 1996 – 1998 жылдары балалар үшін арифметиканы оқытуды жеңілдету мақсатында ойлап тапты. «Нумикон» жиынтықтары балалардың есептеу дағдыларын, қисынды ойлау қабілетін, бояу аттарын есте сақтауды дамытуға көмектеседі, ұсақ моториканы дамытады.
Балалар мұғалімдерімен бірге қонақтарға бірнеше нөмір дайындады. Гауһар интернатта орын алған жылы ахуалға риза болды. Ол сондай-ақ ұстаздардың жоғары кәсіби деңгейін атап өтті және балалармен бірге би флешмобына қатысты.
BKS атқарушы директоры Гауһар Брамлей-Фентон Британияда әзірленетін жаңа озық әдістемелерді тапқан жағдайда, оларды біздің қорымыздың қамқорлығындағы балаларға сатып алуға көмектесуді ұсынды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/949-news-kz#sigFreeId0fb418b4eb