Тараз қаласының саңырау және құлағы нашар еститін балаларға арналған «Мейірім» мектеп-интернатының балалары үшін «Эйр Астана» әуекомпаниясы астанаға сапар ұйымдастырды. Балаларға арналған бағдарлама өте қызықты болды. Ұлдар мен қыздар қаланың басты көрнекі орындарының бірі – Бәйтерекке, ірі сауда-ойын сауық орталығы Хан Шатырға, сондай-ақ ТМД-дағы бірегей океанариум орналасқан «Думан» ойын-сауық галереясына барды.
Тегін жол мен екі күндік экскурсия балалардың әуекомпаниясы «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бірлесіп өткізген кулинарлық жарысқа қатысқаны үшін балалар үшін тамаша сыйлық болды. 6 – 12 жас аралығындағы 30 бала өздерінің кулинариялық қабілетін көрсетті. Олар 15 түрлі сэндвичті және әуежолаушыларына арналған 18 десерт дайындады. Жарыстың қазылар алқасының құрамына қордың және әуекомпаниясы басшылығының өкілдері кірді.
«Эйр Астана» АҚ-тың корпоративтік коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Белла Тормышева айтқандай, мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін еш нәрседен мұқтаж сезінбеуге тиіс. Олар өз құрбыларынан ерекшеленбейді. Біздің акциямыз олардың өмірден өз орнын міндетті түрде табатынын анық білуіне арналған.