Сөз сөйлеу қабілеті бұзылған № 9 мектеп-интернатының аумағында «АЯЛА» қайырымдылық қоры Samsung Electronics компаниясы үші сенбілік өткізді. Іс-шараны ұйымдастыруға 428 743 теңге жұмсалды. Мектеп тәрбиеленушілері компанияның өкілдеріне көмектесуді шешіп, сенбілікке шықты. Олар орындықтарды және гипстен жасалған пішіндерді бірге бояды, жол жиектерін әктеп, вазондарды орнатты. Барлығы интернатта 360 бала оқып жатқанын атап өтеміз. Олардың ішінде жүзден астам бала сенбілікке белсенді қатысты. Олар – бірінші – алтыншы сынып оқушылары. Балалар және компания қызметкерлері өздерінің қиялдарын 15 түрлі пішінде іске асырды, олардың арасында гном, жанат, Фиона ханшайымы сияқты мультфильмдердің белгілі кейіпкерлері болды. Сонымен бірге олар 10 орындықты бояп, әшекейледі. Іс-шара мерекелік түстен кейінгі жеңіл тамақ ішумен аяқталды. Мамандардың пікірінше, мұндай кездесулер аса маңызды, себебі олар баланың творчестволық дамуына ықпал етеді және баланың коммуникативтік дағдыларын дамытады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/955-news-kz#sigFreeId83e8c7362a