Бүгін біздің қорымыз №8 балалар емханасына электрокардиография жабдығын ұсынды. Бұрынғы емханада бар жабдықпен салыстырғанда, қазіргі ЭКГ жабдығы балалар емханасының дәрігерлеріне жүрек – қан тамыр жүйесінің түрлі ауруларын уақытында анықтауға көмек көрсетеді. Емхананың дәрігерлерін жаңа жабдықтың мүмкіндіктері қатты таңғалдырды. Олар да «АЯЛА» қорының қызметкерлеріне шын жүректен рахметін айтып разышылық білдіріп жатыр.