Бүгін № 7 қалалық балалар емханасында емдік дене шынықтыру бөлмесіне және физиотерапевтік бөлімшеге салтанатты түрде жабдық беру рәсімі өтті. Бұл емдеу мекемесіне қажетті аппаратура мен жабдықты үшінші рет тапсыру рәсімі болып табылады. Емханаға осыған дейін берген медициналық жабдық медицина қызметкерлеріне балаларға көрсетілген көмекті барынша тиімді етуге жәрдемдесті.
ЕДШ бөлмесіне арналған жабдық пен мүкәммәлды есептегенде, біздің қорымыз шын мәнінде бұл бөлмені толығымен қамтамасыз етті деуге болады. Бұл туралы қызметкерлердің өздері де айтуда. 2011-2012 жылдары «АЯЛА» қорының бөлмеде «швед стенкасын» құрғанын, бөлмені жаттығу жасау үшін қажетті айналармен жабдықтағанын еске сала кетейік. Біз бұл бөлме үшін телевизор, музыкалық орталық сатып алдық, заманауи велотренажер және жүгіру жолын, сондай-ақ едәуір арнайы доптарды бердік.
Балалардың өте тынымсыз екендігі белгілі, сондықтан да түрлі жарақаттар алып, одан кейін ЕДШ көмегімен оңалту талап етіледі. Бұдан басқа, кейбір балаларда мектептегі сабақтары келбетінің бұзылуына және омыртқасының қисаюына әкеп соғады. Бұл проблемаларды да емдік дене шынықтырудың көмегімен шешуге болады.
ЕДШ бөлмесін қоспағанда, бүгін № 7 емхананың физиотерапевтік бөлімшесі де көп сыйлық алды. «АЯЛА» қоры медицина қызметкерлеріне стационарлық және тасымалданатын жарық-терапевтік Биопотрон аппараттарын, ультракүлгін сәулелендіргіштерді, электрофорезге арналған аппараттар, ЛОР-органдары ауруларын ультрадыбыстық емдеуге арналған аппарат тапсырды. Бүкіл берілетін жабдықтың құны 1 942 280 теңге болды.
№ 7 емхананың бас дәрігері Гүлжан Зайнулқызы Қожебекова жабдықты тапсыру рәсімінде: «АЯЛА» қоры біздің емханамызға үшінші жыл көмектесуде. Бұл көмектің өте тиімді екендігін атап өткім келеді. Қор бізге шын мәнінде қажетті жабдықты береді. Бүгін біз ЕДШ бөлмесінің жабдықталуын аяқтаған жабдықты және физиотерапияға арналған заманауи аппараттарды алдық. Барлық осы жабдық біздің емхананың жұмысын айтарлықтай жақсартады».
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/bolnizy-kz/item/1770-news-kz#sigFreeId179e096402