Оңтүстік Кореяның профессорлары Алматыға келді! «АЯЛА» қоры және LCB Partners компаниясы 50 қазақстандық балаға консультация жүргізген ең үздік дәрігерлердің келуін ұйымдастырды. Нейрохирург Jaeil Lee, ортопед Jung Sub Lee және отбасылық дәрігер Jeong Gyu Lee Өтеген Батыр ауылының Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасының базасында балаларды қабылдады. Кішкентай науқас балаларға нейрохирургия және ортопедия саласында түрлі диагноз қойылды.
Келесі күні халықаралық сарапшылар қалалық, республикалық, облыстық ауруханалар мен емханалардың қазақстандық дәрігерлері үшін дәрістер өткізді. Сонымен қатар Оңтүстік Корея мамандары астаналық медициналық мекемелер – «Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығына» және «Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығына» барды. Онда қонақтар қазақстандық әріптестерімен танысты.
Бұл сапардың Оңтүстік Корея дәрігерлерінің Қазақстанға екінші рет келуі екендігін атап өткен жөн. Биыл жазда Алматыдағы Балалар медициналық жедел жәрдем орталығының базасында медицина қызметкерлерінің түрлі ауруы бар 60 баланың ата-анасы үшін консультация жүргізгенін еске сала кетейік.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/bolnizy-kz/item/2309-news-kz#sigFreeIdd8c185a3a2