Ақтаудағы №1 қаласының емханасында енді балалардың құлақ ауруын ерте анықтайтын мүмкіндік пайда болды.
Арнаулы құрал - диагностикалық аудиометр «АЯЛА» қайырымдық қорының «Әлемді естуге көмектеміз» жобасы аясында сатып алынды. «Каспиан Оффшор Констракшн» компаниясы қызметкерлері өз балаларына жаңа жылға сыйлық алатын қаржыны қайрымдылыққа жіберу туралы шешім қабылдап, медициналық құралдың құнын төледі. Команияның өкілдері «Ақтау біздің туған жеріміз және кішкентай отанымызға жерлестеріміздің сау-саламатта болуы үшін шағын көмек көрсеткіміз келді» дейді. Жоба құны 1 507 000 теңге.
Ал №1 Ақтау қалалық емхана директоры Орынша Жұмалиеваның айтуынша, бұл құрал өте қажетті зат. «Диагностикалық аудиометр адамның есту қабілетін тексеріп, есту шегін жазып, егер проблема болса, оны бастапқы сатысында анықтауға көмектеседі. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрінің тапсырысы бойынша, соңғы жылдар бойы балалардың денсаулығын скрининг жасау керек. Бірнеше жылдар бойы біз оны жасай алмайтынбыз. Бұл перзентханаларда дамыған, бірақ емханаларда әлі жетіле қойған жоқ. Оның зардабын балалар тартады. Өйткені естімейтін балалардың дамуы артта қалады. Ал мына құралдарда төрт жастағы балалар мен үлкендерді де тексеруге болады».
«АЯЛА» қайырымдық қоры «Каспиан Оффшор Констракшн» қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ынтымақтастық жалғасады деп үміттенеді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/bolnizy-kz/item/2738-news-kz#sigFreeIdf70747f4f6