29-05-2019 Неонатологтар госпиталдық инфекциямен күрестің жаңа әдістерін үйренеді

Аурухана ішіндегі инфекция перзентханалар, перинаталдық орталықтар мен балалар...

Аурухана ішіндегі инфекция перзентханалар, перинаталдық орталықтар мен балалар ауруханаларының балалар бөлімшесіндегі өлімнің және ауыр асқынулардың басты себептерінің бірі болып табылады. Проблеманың себептері және оларды шешу тәсілдері неонатологтар мен неонатолог-реаниматологтарға арналған оқыту конференциясы барысында талқыланды. Іс-шара 2019 жылғы 27-29 мамырда Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының негізінде өтті.

Неонатологтар конгресінің ақпараты бойынша бүгінгі күні бұл проблема нәрестелердің реанимация және интенсивті терапия бөлімшелерінде айрықша өткір болып отыр, жетілмеуіне және ілеспе патологияларға байланысты балалардың бұл санаты көптеген және ұзақ инвазивтік манипуляцияларды қажет етеді, мұның өзі медициналық күтімдеумен байланысты инфекциялардың даму тәуекелін жоғарылатады.

«Бұл проблеманы шешу үшін әсер ететін факторларды, алдын алу шараларын және инфекцияларды диагностикалаудың заманауи өлшемдерін білу қажет. Өкінішке қарай, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі кезеңінде нәрестелер өлімінің едәуір төмендегеніне қарамастан, қазіргі сәтте аурухана ішіндегі инфекциялардың алдын алу шаралары әлі нақты қалыптаспады. Сондықтан білім беру бағдарламалары және тәжірибе алмасу халықтың жоғарыда аталған әлсіз тобына, яғни нәрестелерге медициналық көмек сапасын жақсарту қажет», – деді Неонатологтар конгресінің басшысы Бектұрған Карин.

Дәріске облыстардың штаттан тыс бас неонатологтары, бас дәрігерлердің неонатальдық қызмет жөніндегі орынбасарлары, облыстық және қалалық перинаталдық орталықтардың, балалар ауруханаларының нәрестелер реанимациясы, патологиясы және шала туған балаларды күту бөлімшелерінің меңгерулері мен дәрігерлері шақырылды. Бактериялық сепсис және аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу бойынша клиникалық хаттамалар, сондай-ақ Қазақстандағы перинаталдық өлімнің жасырын аудитінің нәтижелері талқыланды.

Ресейлік неонатологтар, реанимация бөлімшелерінің меңгерушілері Александр Ли (Санкт-Петербург қ.) және Андрей Аверин (Челябинск қ.) дәріс оқиды, сондай-ақ қазақстандық медицина ғылымдарының докторлары, профессорлар Тамара Чувакова, Риза Боранбаева және Неонатологтар конгресінің басшысы Бектұрған Карин баяндама жасайды.

Конференцияны ұйымдастыруға «Шеврон» компаниясы демеушілік көрсетті, ол көптеген жылдар бойынша «АЯЛА» қайырымдылық қорының балалар медицинасы және білімі саласындағы білім беру жобаларына қолдау көрсетіп келеді.

«Республикамызбен серіктестігі 26 жылдан асықан «Шеврон» Қазақстандағы жұмысының бірінші күнінен бастап біздің елдің медицина мекемелеріне қолдау көрсетіп келеді», - дейді компания өкілі Жанар Кошпанова, - «халықаралық стандарттарды енгізудеміз және жергілікті мамандарды үздік халықаралық практикалармен таныстырып келеміз. Бұл – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан біздің үлесіміз».

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп