15-06-2019 Шабыт беретін суреттер балалардың сауығуға ниет етуіне көмектеседі

«Шеврон» компаниясының еріктілері Алматы қаласының Перинатология және...

«Шеврон» компаниясының еріктілері Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының қабырғаларына шабыт беретін суреттер салып шықты.

Мейірімді және көңілді ертегі кейіпкерлері, әсем табиғат суреттері мен паннолар енді осы бөлімшенің кішкентай емделушілерін қуаныш сыйлап, олардың сауығуға ниеттенуіне жәрдем береді.

«Шеврон» еріктілер жобасы «Аяла» қорының қатысуымен бірнеше жылдан бері іске асырылып келеді. Компания қызметкерлері әр 2 ай сайын қабырғаларына әдемі суреттер салу үшін балалардың медициналық мекемелеріне барып тұрады. Компания кішкентай емделушілерге жақсы көңіл-күй сыйлап, позитивті ойлауына, дертінен айығуына көмектесе алатынына сенімді. Бұл ретте «Шеврон» өз қызметкерлерінің ерікті белсенділігін қолдап қана қоймай, қабырғаларды әшекейлеу үшін материалдар сатып алуды да қолға алған.

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп