Ортопедиялық патологияның ерте диагностикасы бойынша педиатрлар мен балалар хирургтарын оқытатын мастер-классы Алматы қаласында өтті.
Заманауи ортопедиялық хирургия қағидалары туралы дәрісті Пусан Ұлттық университеті Госпиталінің (ПҰУГ) профессорлары Ли Чжон-Соп мен ГоТхе Шик оқыды. Олар өзінің күнделікті жұмысында диагноз қоюда қолданылатын тәжірбие мен әдістері туралы айтып берді.
Сонымен қатар, кореялық мамандар тағы екі ота жасауға қатысты. Бұл ПҰУГ мен Қор арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде корей дәрігелерінің жетінші рет келуі еді.
«Біздің қордың негізгі миссиясы – бұл балалардың өмірін құтқару, мұнда неонатолог дәрігерлердің атқаратын рөлі өте үлкен. Сондықтан медицина қызметкерлерін оқытатын тренингтер мен мастер-кластар өткізу және емдеу мен алдын алудың заманауи әдістері туралы әңгімелеу біз үшін өте маңызды. Біздің қор «Шеврон» компаниясымен бұл бағыттағы серіктестігі мен достығын мақтан тұтады», – дейді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сулейменова.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/bolnizy-kz/item/3096-news-rus#sigFreeIdadd639f0a4