Дәрігерлер біраздан бері дабыл қағып келеді: біздің балалар көшеде де, үйде де белсенді ойындарды өте аз ойнайды. Оларды компьютер мен теледидардағы ойын-сауық бағдарламалары көбірек қызықтырады. Жүріс-тұрысы аз өмір салтының нәтижесі – жастардағы сколиоз, мүсіннің бұзылуы, бұлшықет гипотониясы, иммунитеттің әлсіреуі.
Емдік дене шынықтыру кабинеттері осы кемшіліктердің барлығын түзетуге көмектеседі. Ал «АЯЛА» қоры мұндай кабинеттерге заманауи жаңа жабдықтар береді.
Өткен аптада біз Ақтау қаласы № 1 емханасының ЕДШ кабинетіне жаңа швед қабырғасын, массаж жолдарын және арнайы массаж жастықтарын бердік.
Швед қабырғасындағы жаттығулар бұлшықет тырысуын жазады, омыртқаны созады және оның икемділігін жақсартады, мықты бұлшықет корсетін жасауға және дұрыс мүсін қалыптастыруға көмектеседі.
Арнаулы медициналық массаж жолында табан массажы - бұл иммунитетті нығайтудың ең жақсы тәсілі, өйткені өкшеде барлық органдардың дұрыс жұмыс жасауына септігін тигізетін рефлекторлық нүктелер орналасқан. Мұндай массаж тырысуды жазуға және жалпы балалардың хал-жайын жақсартуға көмектеседі. Массаж жастықтары ота жасалғаннан кейінгі кезеңде оңалуға көмектеседі: олар терінің сезімталдығын жақсартады және моториканы дамытады.
Бұл емханада жыл сайын ЕДШ кабинетінен 3,5 мыңға жуық бала өтеді. Енді олар жаңа жабдықтармен жұмыс істеп, денсаулықтарын тезірек оңалта алады.