Бүгін Алматылық емдеу-диагностикалық орталығында көзді қорғау кабинетін ашу рәсімі өтті. Бұл кабинет замануи аппараттармен және балалардың көздеріндегі неше түрлі бұзылуларға диагностика жасап емдеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етілді. Көзді қорғау кабинетін қаланың барлық түкпіріндегі балаларға жоғары біліктілік медициналық көмек көрсету орталығы етіп жасау жоспарланып отыр. Орталықтың мамандары жаңа жабдықпен жұмыс істей алу үшін қосымша дайындық алды. Көзді қорғау кабинетіне тапсырылған қылилықты емдеуге және бинокулярлы көздің жасалуы үшін қажет үш синоптофон, автокераторефрактометр, көзді түзету үшін керек амблиокора және басқа жабдықтардың бағасы 11 953 000 теңгені құрады. Бұл үлкен жобаның демеушісі Қазақстан Халық банкі болды.
«Қазақстан Халық Банк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Станислав Кособоков былай деп белгіледі: «Өкінішке орай, әлемнің барлығында көз ауруларының жаппай өсуі байқалады, онымен қоса, ересектерде де, балаларда да, Мысалы, статистика бойынша, жер шарындағы әр үшінші тұрғын алыстан көрмеушіліктен зардап шегіп жүр. Менің ойымша, «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бірге жасап жүрген біздің жобамыз – ол Қазақстанның ірі мегаполисіндегі балалық көз ауруларына алдын алу және емдеу ісіне қосылған шынайы үлес».
АЯЛА» қайырымдылық қорының қоғаммен байланысу жөніндегі вице-президент Жангелді САРСЕНОВ былай деді: «Біздің қор үнемі балалық медициналық мекемелеріне замануи және қажетті аппаратураны жіберуге және мамандарды олармен жұмыс істеуге үйретуге тырысады, кейін ондаған және жүздеген кішкентай пациенттерге көмек көрсетуге болатын қылу үшін. Бүгін ашылып жатқан көз қорғау кабинеті біздің қаланың барлық ауданының балаларына жоғары біліктілік медициналық көмек көрсететін болады. Жұмыстың бұл ұстамы, менің ойымша, тиімді қайырымдылық сапаларының бірі».
Емдік-диагностикалық орталығының бас дәрігері Светлана СУЛТАНГАЗИЕВА былай деп белгіледі: «Көз қорғау кабинетін балаларға офтальмологиялық көмек көрсетудің қалалық орталығы етіп жасау – өте пайдалы және ойланып тапқан қадам. Бүгін ашылған кабинет көз қорғау саласындағы медициналық көмектің деңгейін сапалы жаңа деңгейге көтереді, деп мен сенемін. Қазақстан Халық банкі мен «АЯЛА» қорын балалық денсаулық сақтау саласындағы белсеңді жұмыс үшін шынайы алғысымды айтқым келеді».
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/bolnizy-kz/item/918-news-kz#sigFreeId7ac84efd4f