17-06-2011 Қоғамдық алғыс белгісі

Маусымның 17 жұлдызы, еліміздің әр жерінде өтіп жатқан Медицина қызметкерлері...

Маусымның 17 жұлдызы, еліміздің әр жерінде өтіп жатқан Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шаралар, Алматы қаласында да аталып өтті. Ұлттық Медицина Қауымдастығы, осы атаулы мерекемен орайластырып, 28 панфиловшы-жауынгерлер паркінде майдангер-дәрігерлерге арналған ескерткіштің ашылу салтанаты, балалардың сурет жарысы және спорттық ойындар ұйымдастырды.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы, Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония ғимаратында, Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өткізді. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты. Аталмыш жиналыста, қаламыздың  денсаулық сақтау саласының ең  үздік қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті. Ұлттық Медицина Қауымдастығы, қорымызды көрсеткен адамгершілігі және мейірімділігі үшін, «Мейірімділік» қоғамдық алғыс белгісімен мараппатады. Ұлттық Медицина Қауымдастығы, «АЯЛА» қорының Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына қосып жүрген елеулі үлесін осылайша атап өтті.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп