Біздің қордың бұрынғыдан келе жатқан серіктесі «Sunmedica» ЖШС біздің қордың қамқорындағыларына кезекті рет көмек көрсетті. Белгілі жағдай, балалық ауруханаларына орналастырған көпсаналы медициналық аппараттардың жеңіл істен шығатын құрамды бөліктері – трубкалары, жалғастырғыш тетіктері, дем беру маскалары, катетерлері және басқа пластика бұйымдары бар. Оларсыз аппараттардың көбі өмірсіз темір үймесіне айналады. Былтырғы жылдың қыркүйегінде және 2012 жылдың мамырында дем беру аппараттар шығын материалдарының көбін Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Өскемен, Атырау мен Тараз қалаларындағы облыстық перинаталды орталықтар, перзентханалар, балалық, сонымен қоса, инфекционды ауруханалар алды.
«Sunmedica» компаниясы барлық шығын материалдарды біздің қорға тегін аударды. Дем салу аппараттармен жұмыс істеп жүрген дәрігерлер, кішкене пациенттердің өмірлерін сақтап қалатын бірде-бір аппараттың енді тұрып қалмайтындығына қатты қуанып қалды.