28-05-2013 «Шеврон» қайырымдылық жобалармен табысты 20-жылдығын атауда

Бүгін мектептерге, орталық аудандық ауруханаға (ОАА) және Ақмола облысының Ерейментау...

Бүгін мектептерге, орталық аудандық ауруханаға (ОАА) және Ақмола облысының Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің қамқорындағыларына жабдықтарға сертификаттар тапсырудың салтанатты рәсімі болды.

 «Шеврон» корпорациясы әлемдегі жетекші бірлескен энергетикалық компаниялардың бірі және Қазақстандағы үлкен жеке мұнай-газ өндіруші компаниясы болып табылады. Өз әрекетінің саласын кеңейте, және қуат көздерін қайта жаңартуды дамыту жөніндегі ҚР Үкіметінің бастауын қолдай, «Шеврон», қазіргі таңда, Ерейментау ауданындағы «Самал» жел паркін салу жобасын іске асыру бойынша жұмыс істеп жүр.

 «Шеврон» компаниясы Қазақстан Республикасында істеген бірінші күнінен бастап республиканың білім, медициналық және әлеуметтік мекемелеріне қолдау жасап жүр. Компания, Алматы, Астана, Атырау қалаларындағы көптеген мекемелердің ойын аулаларын жабдықтауға, қажетті медициналық аппараттар мен диагностикалық жабдықтарды, компьютерлерді, ыдыс-аяқтарды, жиһаздарды сатып алуға, бұйымдарды жаңартуға мүмкіндік беретін жыл сайын гуманитарлық акция өткізеді. Осы бастаулар өкіметтің орталық мемлекеттік және жергілік органдарымен, қоғамдастықтармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен серіктесе іске асырылып жатыр.

 «Шеврон» компаниясы бірнеше жыл бойы біздің қормен табысты ынтымақтасып жүр. Ерейментау ауданындағы әлеуметтік жоба шектеуінде «АЯЛА» қорымен бірлесе, «Шеврон» компаниясы ауданның жалпы білім мектептері үшін жиынтықтарында проекторлары мен компьютерлері бар 30 интерактивті тақталар сатып алды.

ОАА үшін замануи медициналық жабдықтар сатылып алынды: операциялық үстел, 2 көлеңкесіз операциялық шам, жиынтығында компьютер мен принтері бар электрокардиограф, электрохирургиялық жоғары жиілікті аппарат.

Әлеуметтік қорғау бөліміне осы ауданда тұратын мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін 15 мүгедектер арбасы және 15 жаралануға қарсы матрац жіберілді.

Сертификаттарды тапсырудың салтанатты рәсіміне Ерейментау ауданының әкімшілік, мектеп ОАА өкілдері қатысты. Жоба бенефициарлары жабдықтарға сертификаттар алып, жоба демеушілеріне өздерінің алғыстарын білдіріп жатты, және ауданның балалық музыкалық ұжымдарымен дайындалған әшекейлі концерттің көрермендері болып қалды.

Акция ұйымдастырушылары – «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қайырымдылық қоры педагогтарды, медицина және әлеуметтік қызметкерлерін олардың игілікті еңбектері үшін алғыстарын айтты да, берілген жабдықтар Ерейментау ауданының мекемелеріне көрсетіп жатқан жәрдемдерінің сапасын жақсартуға көмек болар, деген сенім білдірді.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп