29-08-2013 Төрт облыстық перинаталды орталық жиһазын алды

Біздің қор Қазақстандағы облыстық перинаталды орталықтарға (ОПО) көмегін көрсетуін жалғастыруда.

Біздің қор Қазақстандағы облыстық перинаталды орталықтарға (ОПО) көмегін көрсетуін жалғастыруда. Медициналық жабдықтар, бұйымдар мен керек-жарақтардан басқа, замануи медициналық орталықтар компьютерлік жабдықтарды керек етеді. Осы жылдың тамыз бойы біз Семей, Өскемен, Қостанай және Петропавловск қалаларының ОПО-ларына серверлік шкафтар жібердік.

Металдан жасалған шкафтар медициналық мекемелердің компьютерлік желісінің қажеттерін қамтамасыз етуге арналған. Қазіргі таңда, іс жүзінде, барлық медициналық құжаттама, зерттеулердің нәтижелері компьютердің арқасында сақталып және өнделіп отыр. Медицина мекемелерінің штаттарында жұмыс істеп жүрген IT-мамандар үшін ОПО-қа серверлік шкафтарды тапсыру бір үлкен және жағымды күтпегендік болып табылды. 

Бұл жобаны іске асырудағы біздің серіктес Қазақстанда көптеген әлеуметтік жобаларды, соның ішінде, қайырымдылықтыларды да іске асырып жүрген «БАТ Казахстан Трейдинг» компаниясы болды.