Оңтүстік Кореядан Алматыға келген медиктер ондаған кішкентай науқасқа сауығып кету үмітін сыйлады. Олар екі күн бойы балаларды Балаларға арналған жедел медициналық жәрдем орталығының базасында қабылдады. Нейрохирург Jaеіl Lee, ортопед Jung Sub Lee және отбасылық дәрігер Jeong Gyu Lee әрбір балаға барынша көңіл бөлді. Пусан ұлттық университеті Госпиталінің мамандары түрлі ауруы бар шамамен 60 балаға тегін консультация жүргізді.
Өздерінің сапары барысында балаларға консультациялар бергеннен басқа, Оңтүстік Корея дәрігерлері Орталықтың жұмысымен танысты, Қазақстан және Корея медициналық ұйымдарының арасында ынтымақтастық туралы шарт жасасты, қазақстандық әріптестер үшін дәрістер өткізді. Алматы қаласында жұмысын аяқтағанда дәрігерлер қазақстандық балалардың қайсысына Пусан қаласында тегін ота жасайтынын айқындайды.
Пусан ұлттық университетінің Госпиталі Оңтүстік Корея Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің жетекші өңірлік медициналық технологияларды дамыту жөніндегі жобасын іске асыру үшін атқарушы мекеме ретінде таңдалғанын атап өтеміз. Жоба екі жылға жоспарланып отыр. Оңтүстік Корея мамандарының Қазақстанға келесі келуі 2016 жылғы күзде күтіліп отыр. Оңтүстік Коре мамандарының келуіне әріптес болған LСB Partners компаниясына үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/hospitals-kz/item/2246-news-kz#sigFreeId2eae6bcc48