07-12-2016 Демалып, сауығамыз!

Бұл бөлмеде ауру мен жабырқауға орын жоқ. Бұл жерде балалар бір-бірімен араласып...

Бұл бөлмеде ауру мен жабырқауға орын жоқ. Бұл жерде балалар бір-бірімен араласып, демалады, күледі, сурет салып, ойнайды және көңіл көтереді. Өтеген Батыр ауылындағы Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасының хирургия бөлімшесіне келіп түскен ондаған балалар бұл жерге таусылмайтын дәрі-дәрмектен және инеден көңілін бөлу үшін келеді. Бөлмеде бала өзін жайлы және емін-еркін сезінуі үшін барлық жағдай жасалған. Үлкен телевизор, көптеген дамытатын ойындар, кітаптар, бояғыш кітаптар, оқу құралдары және сүйікті мультфильмдер. Бұл бөлмедегі қабырғалар аурухана қабырғасына мүлдем ұқсамайды. Олар ақ емес, түрлі түсті.

Бөлмені жабдықтаумен Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының қызметкерлері айналысты, ал оларға «АЯЛА» қоры көмектесті. Жобаның құны 1 173 855 теңге болды.

Бүгінгі күні аурухананың хирургия бөлімшесінде 210 бала бар – нәрестелерден бастап 14 жастағы жасөспірімдерге дейін. Балалардың диагноздары да әр түрлі – ішек өтімсіздігі, шемен және басқалары. Жаңа ойын бөлмесіндегі бос уақыт балалардың күнделікті өмірін қызықты етіп, олардың тез сауығып кетуіне жәрдемдеседі деп үміттенеміз. 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп