29-06-2017 Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Түрліауруы бар 80 қазақстандық бала Оңтүстік Корея мамандары – нейрохирург...

 Түрліауруы бар 80 қазақстандық бала Оңтүстік Корея мамандары – нейрохирург Jaeil Lee және ортопед Jung Sub Lee мамандарынан тегін консультация алды. Қабылдау 28 және 29 маусымда Өтеген Батыр ауылындағы Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасының базасында болды. Осы сапары барысында нейрохирург Jaeil Lee екі қазақстандық балаға ота жасады. Тағы бір балаға қыркүйекте Пусан қаласында ота жасайды. Барлық шығыстарды қабылдаушы тарап көтереді.

Дәрігерлердің келуін ұйымдастырушылар – LCB partners компаниясы және «АЯЛА» қайырымдылық қоры. Консультациялардың қор және Пусан ұлттық университетінің Госпиталі арасында 2016 жылы қол қойылған меморандумның шеңберінде өткізілгенін еске саламыз.

Бұл – профессорлардың Алматыға үшінші рет келуі. Өткен жылдың жазында Балаларға арналған медициналық жедел жәрдем орталығының базасында Оңтүстік Корея мамандары шамамен 60 балаға консультация өткізді. Ынтымақтастықтың келесі кезеңі Қазақстан мамандарының Пусан ұлттық университетіне баруы болды. Сол сапардан кейін екі қазақстандық нейрохирургке және екі ортопедке Пусан ұлттық университетінің Госпиталінде біліктілігін арттыру курстарынан өтудің бірегей мүмкіндігі берілді. Оңтүстік Корея мамандары Алматыға кезекті рет 2016 жылғы қарашаның басында келді. Олар Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасының және Балаларға арналған медициналық жедел жәрдем орталығының базасында түрлі ауруы бар қазақстандық балаларға тегін консультация өткізді. Корея профессорларының айтуынша, Госпиталь мен «АЯЛА» қорының арасындағы ынтымақтастық барған сайын нығайып, дамуда.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп