19-07-2017 Емделушінің дені сау!

Астана қ. №1 балалар ауруханасы енді балаларға арналған спорттық алаңмен жабдықталды.

Астана қ. №1 балалар ауруханасы енді балаларға арналған спорттық алаңмен жабдықталды. АТФБанктің Private Banking клиенттерінің арқасында аурухананың кішкентай емделушілері емдік рәсімдерден кейін спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды. «АЯЛА» қорының «Балалық шағымның ауласы» атты жобасының шеңберінде алаң 1 086 860 теңге сомаға спорттық кешендермен және қоссырығы бар құрылғымен жабдықталды.

World Class Astana фитнес-жаттықтырушысы, жеңіл атлетикадан спорт шеберіне кандидат Юлия Жукова алаңды ашуға арнайы шақыртылды, ол балалар фитнесі бойынша шеберлік класын және балалар арасындағы сайысты өткізді.

Балалар ауруханасының спорт алаңын көгалдандыру мақсатында іс-шараға қатысушылар балалармен бірге жұпаргүл отырғызды.

«Өмір сыйлайық» және «Балалық шағымның ауласы» атты жобаларды іске асыру үшін Қор да, Private Banking клиенттері де осы жобаларды іске асыру шеңберінде қаражатты аударған және алған кезде қосымша шығыстары болмауы үшін АТФБанктің өзінің төлемдік инфрақұрылымын ұсынғанын еске саламыз. Осыған дейін, Private Banking клиенттерінің арқасында «АЯЛА» қоры Өтеген Батыр ауылындағы Алматы өңірлік клиникалық балалар ауруханасына медициналық жабдық тапсырды.

 

  Барлық фотосүреттерді жүктеп