«АЯЛА» қайырымдылық қорының және Пусан ұлттық университеті Госпиталінің (ПҰУГ) ынтымақтастығы жаңа деңгейге өтуде. Осыған дейін хабарланғандай, жазда Өтеген Батыр ауылындағы Алматы өңірлік клиникалық балалар ауруханасында (АӨКБА) түрлі ауруы бар 80 бала тегін қаралды. Сколиозы асқынған бір қыз балаға Оңтүстік Кореядан келген ортопедиялық хирургия профессоры Ли Чжон Соп түзету операциясын жасауға ұсыныс жасады. Корея Денсаулық сақтау Индустриясының Даму Институты мен «Тегін Медицина» ПҰУГ бірлескен жобасы шеңберінде қыз балаға аталған госпитальда ота жасау ұсынылды, ол госпиталь әлемдегі жетекші ортопедиялық клиникалардың бірі болып табылады. Шағын инвазивтік ота сәтті өтті. Қыз бала салмақ қосып, бойы өсті.
Тұтастай алғанда, 200-дей қазақстандық баланың Пусан мамандарының тегін консультациясын алғанын атап өткен жөн.
Оңтүстік Кореядағы медициналық көмек әлемдегі жетекшілердің бірі болып табылады. Бұл елдің бүкіл әлемдегі медициналық туризмнің орталығы болып табылатыны бекер емес. 31 тамыз – 3 қыркүйек аралығында Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталінде (ПҰУГ) Busan International Medical Tourism Convention (BMTC) деп аталатын конференция өтті. Бұл конференцияға Алматы өңірлік клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Ролан Нұрбаев және оның емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Арман Тойбеков қатысты. «АЯЛА» қайырымдылық қорының ПҰУГ-пен 2016 жылдан бастап ынтымақтаса жұмыс істейтінін еске сала кетейік. Профессорлар ортопед, нейрохирург, отбасы дәрігері және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы Қазақстанға бірнеше рет келіп, балаларға консультация өткізді. Өз кезегінде, Қазақстанның ортопедтері мен нейрохирургтері әйгілі клиникада біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Бұдан басқа, жоғарыда аталған госпитальға АӨКБА-дан екі балалар ортопеді және нейрохирург, сондай-ақ Балаларға арналған шұғыл медициналық жәрдем орталығынан бір нейрохирург тағылымдамаға жіберілді. Бұл жобаның іске асырылуына «АЯЛА» қорының LCB Partners компаниясымен және Пусан қ. мэриясымен әріптестігі ықпал етті.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/hospitals-kz/item/2723-news-kz#sigFreeId0f7d57b04c