17-01-2018 Денсаулыққа арналған жаттығулар

Теміртау қаласының Балалар ауруханасының емдік дене шынықтыру бөлмесі жабдықпен...

Теміртау қаласының Балалар ауруханасының емдік дене шынықтыру бөлмесі жабдықпен толықтырылды. «АЯЛА» қайырымдылық қоры мемлекеттік медициналық мекемеге МОТОmed gracile12 оңалту механикалық-терапевтік тренажерді сыйға тартты. Неврологиялық және бұлшық ет ауруы бар, 3 – 15 жас аралығындағы балаларға арналған аппараттың құны 1 750 000 теңге. Заманауи тренажер шамалы сіңір тартылған кезде автоматты түрде тоқтайды және бұлшық еттің жағдайына сәйкес олардың тонусын босатады. Балалар ауруханасы алғашқы орнатылған күннен бастап оны пайдаланады. Бүгінгі күні неврологиялық бөлімшеде 8 бала амбулаторлық емделуден өтеді және барлығы дәрігерлердің белгілеуі бойынша МОТОmed gracile12 аппаратында емдік дене шынықтыру курсынан өтеді. Оңалту аппаратына үш режим кіреді: пассивтік, пассивтік-активтік және диагнозына байланысты жеке іріктелетін активтік режим.

Теміртау қаласы Балалар ауруханасының медицина қызметкерлері МОТОmed оңалту тренажеріне сертификат тапсырған сәтте «АЯЛА» қорының қызметімен танысқаннан кейін шынымен таңғалды және қордың басшылығына үлкен алғысын білдірді.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп