02-09-2018 Кезекті дәрігерлер тобы Кореяда оқудан өтті

Біліктілікті арттыру мақсатында Қазақстаннан төрт дәрігер Пусан Ұлттық Университетінің...

Біліктілікті арттыру мақсатында Қазақстаннан төрт дәрігер Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталіне барып келді.

Осы жолы Оңтүстік Корея ауруханаларында қолданылатын емдеудің жаңа әдістерін уролог, онкоуролог, Қазақ онкология мен радиология ғылыми-зерттеу институтындағы онкоурология орталығының жетекшісі Нұржан Нұрғалиев және оның әріптесі уролог, онкоуролог, Қазақ онкология мен радиология ғылыми-зерттеу институтындағы ота жасау бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Оңғарбаев біле алды.

Сонымен қатар, Пусанға балалар травматолог дәрігері Әкімжан Аубакиров және балалар нейрохирургі Сослан Утегенов барып келді. Екі маман да Ақтөбенің медициналық орталығының балалар стационарында қызмет істейді.

Екі аптаның ішінде дәрігерлер емдеудің заманауи әдістері жайлы дәрістер тыңдап, оған қоса әркім өз мамандығы бойынша түрлі қиындықтағы оталарға қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, «АЯЛА» Академиясы» жобасы қазақстандық дәрігерлер мен медбикелерді оқыту бойынша биылғы жылы жаңа мәртебеге ие болды. Енді, педиатрияда жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан басқа, қор шеберлік сабақтар, тренингтер және бірлескен консультациялар мен «ересек» медицинадағы хирургиялық оталармен айналысатын болады.