12-05-2008 Медбике күні

Медбике кәсібінің негізін қалаушы Флоренс Найтингейлдің туған күні біздің елімізде...

Медбике кәсібінің негізін қалаушы Флоренс Найтингейлдің туған күні біздің елімізде атала бастағаны жақында ғана. Бірақ бұл мереке, Халықаралық медбикелер күні, медициналық қызметкерлер арасында тез арада танымал болды. Өйткені, кейде дәрігерлердің көзге аса түсе қоймайтын көмекшілері, орта және кіші медбикелер – денсаулық сақтау жүйесінің негізін құрайды емес пе? Олардың ыстық ықыласынсыз хирургтардың «керемет» операция жасаған пациенттері, атақты эскулаптар алуан түрлі диагноз қойған сандаған сырқаттардың өзі өліп кетуі мүмкін ғой. Ал егер Ұлы Отан соғысы кезінде сан мыңдаған санитарлық нұсқаушылардың, соғыс кезінде еркелетіп атаған «санитар бикелер» мен «қарындастардың» ерлігін еске алар болсақ...   

 «АЯЛА» қайырымдылық қоры Медбикелер күніне арналған №1 қалалық балалар инфекциялық ауруханасы ұжымының салтанатты жиналысында реанимация қызметкерлеріне ыңғайлы және әдемі униформаны сыйға тартты. Енді бөлімше қызметкерлері әрі кәсіпқой, әрі сәнді де.