15 мамыр кеші ауа-райы болжамдарына қарамастан, жылы болды. Ол осы сөздің барлық мағынасында жылы өтті. Сірә, ауа райының өзі біздің қорға «рақым ететін» шығар. №2 балалар шипажайындағы «Наурыз» мерекесін тойлау күніндегідей, синоптиктердің барлық пессимистік болжамдарына қарамастан, ауа-райы тамаша болып тұрды.
Қонақтар «жанды» әуенге толы «Palladium» атты тамаша мейрамхана кешенінің ашық алаңшасына жиналып, ашық аспан астында орналасқан «сатып алуға болатын суреттер көрмесін» тамашалап, кешкі асқа кірісті. Ханымдардың кешкі сәнді көйлектері, олардың серіктерінің «бір киер» костюмдері... Әдеттегі зайырлы кеш пе? Жоқ! Бұл кеш біздің қаламыздың балалар ауруханаларының реанимация бөлімшелеріне қажетті заманауи аппаратураға қаражат жинауға арналған.
Алпысбай Қазығұлов – Қазақстанның шектерінен тыс жерлерде де танымал дарынды суретші. Оның шығармалары Бельгияда, Жапонияда, Нидерландыда, Ресейде көрмеге қойылған. Алпысбай, қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің проблемаларын түсіне келе, «АЯЛА» қорына өз кенептерін ұсынды, оларды сатудан түскен қаражат Алматы қаласының балалар ауруханаларының реанимация бөлімшелеріне арналған заманауи жабдықты сатып алуға жұмсалады.
Керней ойнап, кештің «ресми» бөлігі басталып кетті. Жүргізушінің кіріспе сөзі айтылды, «Елім Ай» балалар хоры өнер көрсетіп, сахнаға Сағынай Абдуллин шықты, «қамқорлыққа алынған» аурухананың өкілдері, ең жомарт «қамқоршылар», «Инфинити» шекті квартеті, фотоаппараттардың жарқылы, жүргізушінің сөзі, көптеген жылы лебіздер мен өлең шумақтары, қордың қызметі туралы бейнефильм, картиналар, шыны бокстардағы қайыр ақшалар, баяғы әріптестер мен достардың кездесуі, интервьюлер жүріп жатыр, біреулер, міне, ұнатып қалған суреттерін алып бара жатыр, тағы да Сағынай шықты, «денсаулық сақтау департаментіне» сөз берілуде, тағы да жүргізушінің сөздері, «ерте жататындардың» қайтуы мен кешіккен қонақтардың келуі, желаяқ фотографтар мен операторлар, толқығаннан тұтыға бастаған Алпысбай Қазығұлов, Лариса Долинаның сахнаға салтанатты шығуы мен «жалынды» бір сағаттық концерті, фотоаппараттардың үздіксіз жарқылы, тағы да «Инфинити» тобы, кеш иесі, «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменованың қорытынды сөзі...
Қысқаша айтсақ, бәрі осылай өтті. Бірақ... Қайырымдылық идеясын, игі істер жасау идеясын «жұқтырып алған» біраз адам пайда болды. Біз БІЗДІҢ қала, біздің адамдар, біздің отандастарымыз мұқтаж адамдарға, әсіресе ауыр сырқаттанған балаларға көмектесуге дайын екенін түсіндік.
Мүлдем тасжүрек адамдар болмайтынын түсіндік. Бірақ кейбіреулерінің айналасына көз салып қарауға уақыты жоқ. «Мен кімге және қалай көмектесе аламын?» Бұл сұрақтың жауабын біздің Қор тауып қойған. Біз баяғыдан көмектесіп келе жатырмыз.
Балалар инфекциялық ауруханысының реанимация бөлімшесінде үш заманауи өкпені жасанды желдету аппаратының пайда болғаннан бері, дәрігерлерді енді «Ауыр сырқаттанған көмекке зәру балалардың қайсысы тыныс алатын БОЛАДЫ?» деген сұрақ толғандырмайды.
Және ең бастысы. «Аяла» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова Қазақстан Рсепубликасының барлық қайырымдылық қорларының өкілдеріне қайырымдылық саласындағы жалпыхалықтық (ұлттық) СЫЙЛЫҚТЫ тағайындауды ұсынды. «Ең жомарт», «ең мейірімді», «ең тұрақты», «ең...» дегендерге арналған жүлдені! Және бұл сыйлықтың атауы қарапайым болсын - «Шын жүректен!»
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/hospitals-kz/item/887-news-rus#sigFreeId2c0c35606e