20-08-2015 «Шеврон» компаниясының Ерейментаудағы жобасы

«Шеврон» компаниясы Ақмола облысындағы өзінің әлеуметтік бастамаларының...

«Шеврон» компаниясы Ақмола облысындағы өзінің әлеуметтік бастамаларының шеңберінде «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бірлесіп Ерейментау ауданының түрлі мекемелеріне арналған медициналық, білім беру және ойын жабдығын сатып алды. Орталық аудандық ауруханаға медициналық аппаратура берілді, қаланың 4 мектеп кітапханасы компьютерлермен және Интернет желісіне жоғары жылдамдықта кіру мүмкіндігімен қамтамасыз етілді, Ерейментау ауданының тағы 4 мектебі тігін шеберханаларына арналған жабдықты алды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ойық жараға қарсы матрастар және қуатты қозғалтқышы бар заманауи мүгедектерге арналған арба берілді. Психологиялық-педагогикалық оңалту бөлмесінде мүгедек балаларға арналған спорттық-ойын алаңы орнатылды.

Біздің қор «Шеврон» компаниясымен бірге бірнеше жыл бойы Ерейментау мектептерін, ауруханаларын және әлеуметтік ұйымдарын қажетті жабдықпен жабдықтап келеді. Өз бағдарламаларын жүзеге асырған кезде біздің қорымыз, сол сияқты «Шеврон» компаниясы да алға қойылған міндеттерді шешуге кешенді түрде қараймыз. Егер біз ауруханаға немесе интернатқа инновациялық жабдықты берсек, қызметкерлерді заманауи жабдықпен жұмыс істеуге үйрету үшін әр кезде тренингтер мен сабақтар жүргіземіз. Сатып алынған жабдық мекемелерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға көмектеседі деп кәміл сенеміз.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп