Біздің қор өз қамқорлығындағыдарды естен шығармайды. Медициналық қызметкер күнінің алдында №1 балалар инфекциялық ауруханасының реанимация бөлімшесі жаңа жиһазға ие болды: жалпы сомасы 620 000 теңгені құраған 6 инструменталдық үстел, 2 корпус ішілік арбаша, 5 дәрі-дәрмекке арналған шкаф және 4 медициналық шкаф.
Бұл жоба бізге қажетті қаражатты жинауға қол ұшын берген игі жандардың қатысуынсыз мүмкін болмас еді.