13-04-2011 Ұлт денсаулығы перзентханадан басталады

Осы атты, жалау еткен жобаның шеңберінде, 2011 жылдың 13 сәуірінде, «АЯЛА» қайырымдылық...

Осы атты, жалау еткен жобаның шеңберінде, 2011 жылдың 13 сәуірінде, «АЯЛА» қайырымдылық қоры, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасында, 13 перзентхана және орталық аудандардағы аурухана бас дәрігерлеріне 31 фототерапия жабдығын тапсырды.

Жыл сайын, осы сынды босанатын әйелдерге медицина жәрдем беретін мекемелерде 20 000-нан астам бала дүниеге келеді. Олардың көбісі, туғаннан кейінгі сарылыққа (гипербилирубинемия) душар болады. Бұл патологияны дәрімен емдеу тиімсіз, ал фототерапия жабдығының көмегімен бірнеше күн ішінде және де ешқандай дәрі-дәрмексіз ем алып, ауруына шипа табады. Қорымыз, Алматы қаласы перинаталдық орталығы және перзентханаларда жасалған осы емдеу әдістемесінің тиімділігі мен берген әсеріне көз жеткізгеннен кейін, жобаның осы кезеңі басталсын деп ұйғарды. Дәрігерлер, сый етіп табысталған жабдықтар үшін, қорымыздың қызметкерлеріне деген шынайы алғыстарын білдірді. Дәрігерлер, Алматы қаласында өткізілген оқу-үйрету бағдарламасы барысында, фототерапия жабдығының, жаңа туған нәрестенің сарылығына қарсы қаншалықты әсерлі екендігіне көз жеткізді. Сондықтан да, бұл жабдықтарды аса зор қуанышпен қабыл алды. «Ұлт денсаулығы перзентханадан басталады» атты жобаның Алматы облысындағы демеушісі-«Қазақстан Халық Банкі» болып табылады. Аталмыш жобаның құны 17 050 000 теңге. «АЯЛА» қайырымдылық қоры, Банк басқармасы және де қызметкерлеріне өз ілтипатын білдіре отырып, тұрақты серіктестігі, әсіресе осы жобаға қосқан елеулі үлестері үшін шынайы алғыс айтады.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп