09-12-2015 Литва дәрігерлерінен шеберлік сабағы

Литва мамандары Алматылық дәрігерлер – перзентханалардың неонатологтары...

Литва мамандары Алматылық дәрігерлер – перзентханалардың неонатологтары, акушерлері және медбикелері үшін семинарлар мен тренингтердің апталығын өткізді. Жұмыстың қыр-сыры туралы медицина ғылымдарының докторы, Вильнюс Медицина университеті Балалар ауруханасының бөлімше меңгерушісі Арунас Любшис және медбике Инеса Суботович әңгімелеп берді. Оқыту семинарлары Алматы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы базасында өткізілді.

Литва мамандарын «АЯЛА» қайырымдылық қоры және «Шеврон» компаниясы шақырды. Тренингтерде нәрестелерді, оның ішінде салмағы өте төмен нәрестелерді бағып-күту, емдеу, тамақтандыру ерекшеліктері туралы айтылды. Бұдан басқа, Литва және Қазақстан әріптестері балалардың бактериялық және саңырауқұлақ сепсисінің алдын алу және оны емдеу, нәрестелердің қалыпты дене қызуын ұстап тұру және көптеген басқа да мәселелерді талқылады.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Эльмира Жақашева хабарлағандай, өткен жылы Арунас Любшис Алматы перинаталдық орталығына тәжірибе алмасу мақсатында келді. Тренингтер бекер өткен жоқ. Өткізілген семинарлардың нәтижесінде дәрігерлер нәрестелердің өлімін 2 есе төмендетуге мүмкіндік алды. Мамандар осы жолы да біліктілігін арттыру белгілі бір нәтижелерге жеткізеді деп есептейді.

Арунас Любшис соңғы 10 жылда ДДҰ/ЮНИСЕФ сарапшысы ретінде ТМД елдерінде көптеген семинарлар мен дәрістер өткізуде. Арунас Любшис басшылық ететін Неонатология орталығы 1991 жылы құрылды. Мекемеде нәрестелер мен бөбектердің арасында перинаталдық өлімді, сондай-ақ бала жасынан бастап мүгедектікті төмендетуде жақсы жетістіктерге қол жеткізілді. Қазақстанның дәрігерлерімен кездесуде Литвадан келген қонақ олардың практикалық қызметінің негізі командалық жұмыс екендігін атап өтті. Сондықтан Алматыға онымен бірге медбике Инеса Суботович келді. Арунас Любшистің айтуынша, дәрігерлерді үйрету – бір жағдай, ал нәрестемен біртұтас команда жұмыс істейді. Медбике науқастың қасында уақытының 90%-ын өткізеді. Сондықтан емдейтін дәрігер мен медбикенің бірін-бірі түсінгені аса маңызды жағдай. Осыған орай, дәрігерлерді оқыту медбикелерді оқытумен қатар өтуге тиіс, - деп атап өтті Литва дәрігері.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп