08-11-2014 «Шеврон» компаниясы және «АЯЛА» қорының медиктеріне арналған білім жобасы

«Жаңа туылған балаладың реанимациясы мен қарқынды терапиясы» деп аталады босану...

«Жаңа туылған балаладың реанимациясы мен қарқынды терапиясы» деп аталады босану үйлері мен республикалық перинаталды орталықтың мамандарына арналған, 8 қарашада Алматыда аяқталған және «АЯЛА» қайырымдылық қорымен Қазақстанға шетел мамандарының келуіне демеушілік жасаған «Шеврон» компаниясымен серіктесе ұйымдастырылған білім жобасы. Жобаның жалпы бағасы 2 564 000 теңгені құрады.  

Бір апта ағымы бойы Вильнюстен келген тренерлер неонатолог-дәрігер Виолета Ирена Симонавичене мен медицина бикеші Эгле Рамонене Алматылық перинаталды орталығының базасында қазақстандық әріптестерімен өз білімдері мен білетіндерін ортаға салып бөлісті. Тренингке не бары 25 маман қатысты.  Білім беру курсы Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен келістірілген және қолданған  болатын. Ал перинаталды орталық реанимацияның балалық бөліміне курсанттар мен оқытушылардың кіруін қамтамасыз етуге көмектесті. Сабаққа муляждерді Алматылық қалалық колледж алып келіп берді. Естеріңізге сала кетейік, бұл муляждерді кезінде біздің қор «Шеврон» компаниясымен бірге колледжге берген болатын.

Неонатолог-дәрігер Виолета Ирена Симонавичене бұл өткен тренинг туралы былай деді: «Курстар өзара пайдалы болып шықты, біз дәрігерлер мен медициналық бикештерін оқыттық, сол кезде өзіміз де жаңалықтармен таныса келе білімімізді байыттық. Қазақстандық мамандардың дайындықтарының жоғары деңгейдегілері туралы айтқымыз келіп отыр, бізге олармен жұмыс істеу өте ұнады. Біздің ынтымақтастасымыз әрі қарай жалғасар, деген үміттеміз». 

Салтанат Ербулатова, Алматы қаласының перинаталды орталығының емдік бөлігі жөніндегі директордың орынбасары былай деп белгіледі: «Литва әріптестерімізбен біз бірнеше жылдардан бері таныспыз. Олар еуропалық стандарттар бойынша жұмыс істеп жүр. Осындай тренингтер біздің мамандардың өсуіне себеп болып отырады. «АЯЛА» қайырымдылық қорына «Тыныс ал, балақай», «Мен әлемді көремін» және «Өмірге дем салайық» жобалар бойынша біздің перинаталды орталыққа көмек көрсеткен үшін алғысымды айтқым келіп отыр. Осы жобалар шектеуінде біз замануи медициналық жабдықтардың көп санына қол  жеткізіп ие болдық. Ал, «Шеврон» компаниясының көмегімен ұйымдастырылған тренинг айтылып кеткен жобаларға жақсы бір қоспа болып табылып отыр».

 «Біздің қорда дәргерлердің көп болу себебінен біз біздің қамқорымыздағыларға кешенді көмек көрсетуге тырысамыз», - деп жалғастырды әңгімені «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сарсенов. «Біз «Шеврон» компаниясымен бірге көптеген жобаларды іске асырдық. «Шеврон» компаниясы біздің бенефициарларға қашанда болса, жаңартпалық көмек көрсетуге үнемі тырысып жүреді. Осындай үлкен компанияның бізбен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқаны қандай  жақсы».

 Барлық фотосүреттерді жүктеп