29-11-2017 Қазақстанда алғаш рет гипотермия аппараттары орнатылды

Қазақстандық дәрігерлер нәрестелердің ауру-сырқаулары мен өлім-жітіміндік көрсеткішін...

Қазақстандық дәрігерлер нәрестелердің ауру-сырқаулары мен өлім-жітіміндік көрсеткішін  төмендете алады. Алматы қалалық перинатология және педиатриялық кардиохирургия орталығынның директорының міндетін атқарушысы Чапен Сармулдаеваның айтуынша, гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия балалар хирургиясындағы ең өзекті мәселелерінің бірі. Ол неонатология кезеңіндегі патологиялық жағдайлардың 47% пайызына диагноз қойылады. Өткір перинатальды асфиксия нәтижесәнде нәрестеде пайда болған ГИЭ-нің 20% өлімге апаруы мүкін, ал 30%-да жүйкелі-психикалық ауруға тап болуы мүмкін. Егер жаңа туған балада ГИЭ-нің ауыр формасы болса, онда 60% балалардің өліп кетуі мүмкін, ал тірі қалғандар мұгедек болып қалады.

2017 жылы «АЯЛА» қайырымдылық қоры  «Басқарылатын гипотермия» жобасын бастады. Оның аясында құны 11 350 000 тенге тұратын екі Tecotern neo - гипотермиялық аппаратары сатып алынды. Олар Астана қаласының ана мен бала орталығы мен Алматы қалалық перинатология және педиатриялық кардиохирургия орталығына орналастырылды. Аталған аппарат нәрестелер мен сәбилердің миын суытып және қыздырып емдеу шараларын бақылауға арналған. Сонымен қатар, «АЯЛА» қоры  ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Қазақстанда бірінші рет ГИЭ-ні емдейтін инновациалық тәсілін енгізді. 

«Басқарылатын гипотермия» жобасы бірнеше кезеңді қамтиды: ҚР денсаулық сақтау министрлігімен біргіп гипотермия аппаратын қолдану туралы әдістеме әзірлеу, құрылғыларды сатып алу және орнату, перинаталдық орталықтар мен перзентханалардың мамандарын шетелден тәжірбиелі мамандарды шақырып арнаулы семинар өткізу.  Аталған шаралады іске асыру арқасында қазақстандық дәрігерлер сәбилердің ауруға шалдығуы мен өлімдерін азайта алады.

Қазір басқарылатын гипотермия қолайсыз неврологиялық нәтижелерді болдырмаудың ең тиімді әдісі.  Ол – емделушінің миының қызуын қадағалап, төмендететін медициналық тәсіл. Әсіресе бұл күзейлі жағдайларда және күрделі медициналық араласуда өте маңызды. Бас миының қызуын төмендету тыныс алу бұзылған кезде, жүрекке ота жасап жасанды қан айналымы кезінде ми жасушаларын «демалтып», ары қарай ми дерттерін дамуының алдын алуға көмектеседі.

Жобаны «АЯЛА» қайырымдылық қоры іске асырды. Бұл шараларға керекті қаражат қордың тұрақты серіктестері мен демеушілері «Шеврон» және ADD Capital компанияларынан алынды.

Қазақстанның перзентханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтін неоналотог-дәрігерлер мен мейірбикелер үшін 22-23 және 27-28 қарашада Алматы қалалық перинатология және педиатриялық кардиохирургия орталығында практикалық тренингтер өтті.  Осы шаралар аясында мамандар гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатиямен (ГИЭ) күресудің инновациялық әдістерімен таныстып, гипотерия апаратымен жұмыс істеуді үйренді. Ал семинардың соңғы күнінде гипотермия апаратының салтанатты тапсыру рәсімі өтті.  

 Барлық фотосүреттерді жүктеп