29-01-2015 №2 перзентхананың реанимация бөліміне жаңа медициналық жабдықтар

Бүгін Алматы қаласындағы №2 перзентханада балалық реанимация бөлімі үшін көп санда...

Бүгін Алматы қаласындағы №2 перзентханада балалық реанимация бөлімі үшін көп санда медициналық жабдықтарды тапсыру рәсімі болып өтті. Бұл «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Өмір сыйлайық» жобасын іске асырудың кезекті кезеңі. Осы жоба шектеуінде замануи өмірлік қажеті мол жабдықтарды Қазақстанның әр түрлі аймағында орналасқан облыстық көпсалалы және балалық ауруханалардың, перзентханаларының балалық реанимация бөлімдері алып жатыр. 

Бүгін тапсырылып жатқан аппараттарды сатып алу үшін қаражат қайырымдылық гольф-турнир «АЯЛА-2014» барысында жиналған болатын. Естеріңізге сала кетейік, бұл турнир 5 қазанда «Жайлау» гольф-курортында өткен болатын. Турнирге 100 жақын спортсмендер-қызығушылар қатысты. Турнирдің бас демеушісі болып LCB Partners қазақ –корей компаниясы шықты. Турнирді АТФ Банк, Viled компаниясы, гольф-курорт «Жайлау», Wimpex компаниясы, Tassay компаниясы, Energy Nation агентсвосы қолдады.

Жарыс барысында одан кейінгі болған қайырымдылық аукцион кезінде 12 453 500 теңге жиналды. Бұл қаражатқа Алматы қаласындағы №2 босану үйінің балалық реанимация бөлімі үшін дем салу аппараты, реанимациялық үстелдер, пациенттердің мониторары, фототерапия аппараттары, инелік және инфузионды мөлшергіштер сатып алып берілді. Қалған ақша Щучинск қаласындағы перзентхананы сенсорлық бөлмесімен қамтамасыз ету бойынша «Доктор бөлмесі» жобасына бағытталды. 

 «Біздің компания «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бұрыннан бері ынтымақтастасып жүр. Бұл қордың жобаларының өте пайдалы екеніне және балалардың медициналық және білім беру мекемелерінде болуларына, олардың денсаулықтарын жақсартуға шынайы үлес қосатынына біздің көзіміз бірнеше рет жетеді. Біздің қайырымдылық жобаларына қаражат жинау ісіне жаңа бірдеңе енгізгіміз келді. Солай, гольф-турнир «АЯЛА-2014» ойланып табылды. Біздің қойған мақсатымызға жете аламыз ба, деп мен қатты ойландым, бірақ, барлығы жақсы болды, және біз, енді, қайырымдылық гольф-турнир «АЯЛА-2015-ке» белсеңді дайындалып жүрміз», деді Бота ТУЛЕНОВА, LCB Partners компаниясының бас директоры.

№2 перзентханың бас дәрігері Гүлнар НУРЛАНОВА былай деп белгіледі: «Біз «Тыныс ал, балақай» жобасы бойынша «АЯЛА» қайырымдылық қорынан көмекті бірнеше рет алдық және «Өмір сыйлайық» жобасы оны жалғастырғаны туралы қатты қуантады. Ақырғы жылдары перзенттер өлімі маңызды төмендеді, әсіресе, өте төмен дене салмақтары бар жаңа шала туылған балалардың тобында. Біздің перинаталды орталықтарға және босану үйлеріне «АЯЛА» қоры жіберген медициналық жабдықтардың бұнда маңызды үлесі бар. Қордың барлық қызметкерлеріне балаларға көмек көрсету ісінде осындай дамылсыздық тілегім келеді».

«Қордың күннен күнге достары мен көмектесушілерінің көбейіп келе жатқаны бізді қуантады. Жалпы ол қайырымдылықтың мәдениетін қалыптастыру мәселесін шешілетін етеді. LCB Partners компаниясына, жеке гольф-турнир «АЯЛА-2014-тің» демдеушілері болған Бота мен Жанаға үлкен рахмет. Бұл компания қаржылық табысты және гүлденген болады да, біздің басқа жобаларға қатысар, деп сенемін», - деп белгіледі «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді САРСЕНОВ. 

   Барлық фотосүреттерді жүктеп