03-08-2009 Перзентханаларға арналған жаңа жабдық

Біздің қор Алматы қаласының барлық перзентханасына жаңа жабдық – медициналық...

Біздің қор Алматы қаласының барлық перзентханасына жаңа жабдық – медициналық таразылар мен электрсорғыштарын табыстады. Егер бұрын жаңа туған нәрестенің салмағын өлшеу үшін оны көрші бөлімшеге апару қажет болатын болса, енді барлық бөлімшелер бұл үшін қажетті жабдықпен жинақталған.

Электрсорғыш – нәрестенің тыныс алу жолдарын өңезден тазартуға арналған өмірлік қажеттілікті аппарат. Мұндай жағдайда әрбір минут, тіпті әрбір секунд маңызды. Біздің қор электрсорғыштарды енді қажет болуы мүмкін болатын әрбір жерге орнатты.

Барлығы 34 медициналық таразы мен 20электрсорғыш жеткізілді.