№3 Сәбилер үйінде «Сенсорлық бөлме» атты жобамыз аяқталды. Бұл сәбилер үйіндегі тәрбиеленушілердің көбісі дерлік, орталық және перифирикалық жүйке жүйесінде әртүрлі ауыр ауытқулары бар балалар. Сенсорлық бөлмесі бар, барлық медицина орталықтарының қызметкерлері, бұл бөлмені «дәрігер-бөлме» деп атайды.
Сенсорлық бөлме, жиһаз, жарық, ойыншық және дыбыс арқылы дайындалған арнайы орта жан тыныштандыра отырып, жүйке жүйесінде жаңа жасушааралық байланыстарды құратын, қоршаған орта болып табылады. Бұл, неврологиялық патологияның емінде өте маңызды. Бұл, қорымыздың Алматы қаласындағы балалар медицина мекемесінде орнатып отырған екінші сенсорлық бөлмесі. Біріншісі,№2балалар шипажайында орнатылғандығын еске түсіре кетейік.
Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып, «Бөбек» қорына және Сара Алпысқызы Назарбаева ханымға, көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Аталмыш жобаның іске асуы үшін, еліміздің бірінші ханымы тарапынан ұйымдастырылған мерейтойлық қайырымдылық кешінен жиналған қаржыдан, 1 миллионға жуық қаражат бөлінді. Бұл көмек болмағанда, жобамыздың аяқталуы бірнеше айға созылуы мүмкін еді. Сенсорлық бөлмені салтанатты түрде табыстау рәсіміне, «Бөбек» қоры Директорының Орынбасары Людмила Петровна Бекмагамбетова және қорымыздың қызметкерлері қатысты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/1103-news-kz#sigFreeId3a93db757c