Бүгін №2 балалар үйінде «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен BeSmart компаниясы ұйымдастырған балалық ауланың ашылуы және емдеу дене шынықтыру кабинеті үшін қажетті бұйымдарды ұсыну рәсімі болып өтті.
№2 бала үйінде осы кездері туғанынан 5 жылға дейінгі жастағы 62 бала тұрып тәрбие алып жатыр. Осы балалардың көбі әр-түрлі орталық және перифериялық жүйке ауруларымен, дамуларында туа ақуалармен азаптанатын балалар. Балалардың жартысының ата-аналары бар, және бала үйінің қамқорында уақытша, биологиялық ата-аналарының материалды және тұрмыстық проблемаларының себеп салдарынан тұрып жатыр.
Емдік физкультура – балаларды дамытудағы маңызды әдістердің бірі, себебі физикалық жаттығулар ОЖЖ-дегі нейрондар аралық байланысының дамуына ықпал етеді. Ал бұл болса түлектердің ақыл-ой және эмоциялық дамуларына көмектеседі.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Емдік спортзал» жоба шектеуінде емханаларды, санаторийларды, реабилитациондық орталықтарды замануи тренажерлармен және қажетті жабдықтармен қамытты.
Бүгінгі жобаны іске асыруда бағасы жоқ көмекті, ең әр-түрлі салада жеңілдіктер беріп жүрген BeSmart компаниясы көрсетті. Жобаны іске асырудың қатысушылары болып BeSmart компаниясының өз жарналарын компанияның интернет ресурстары арқылы аударған клиенттері жүр. Фандрайзингалық кампаниының 2 апта арасында ЕФК кабинетін жабдықтау үшін 395 232 теңге жиналды.
Соған қоса, BeSmart компаниясы балалық ойын алаңын салуға Facebook әлеуметтік желісінде 3000 лайкалар жинап және өз атынан «АЯЛА» қайырымдылық қорына 300 000 теңге аударды.
№2 бала үйінің бас дәрігері Ләтипа Қамзаевна Хасанованың сөзінен: «Қайырымдылық ұйымдар мен олардың серіктестерінің көмектері әр-түрлі себеп күшімен біздің қомқорымызға түсетін балалардың тұрмысын, ішкі көріністі және балаларға көрсететін медициналық көмектің деңгейін маңызды жақсартады. Барлық медициналық қызметкерлер мен тәрбиешілер біздің балаларға көмек көрсетіп жүрген бей-жай емес адамдарға алғыстарын білдіреді».
«АЯЛА» қайырымдылық қорының Вице-президенті Жангелді Сарсенов өз кезегімен былай деді: «Өкінішке орай, біздің елімізде әлі балалар үйлері де, перзенатханалар да жеткілікті. Бірақ қайырымдылық саласында жұмыс істеп жүрген кездерімде, мен, осы денсаулық сақтау және білім мекемелерінің қызметкерлері өз істерінің аянбайтын фанаттары екендеріне, талай көзім жеткен. Менің тағы да осы әйелдердің алдында «бас киімімді шешкім» келіп отыр».
Азамат Рахманбердиев, «АЯЛА» қордың қайырымдылық жобаларына бірінші рет емес қатысып отырған BeSmart компаниясының бас директоры: «Бала мен қайырымдылық – ол біздің ой-санамыздың ажыратылмайтын бөлімі. BeSmart, Қазақстандағы электронды коммерциясының ең бір көрнекті өкілі, өз ресурстарын қайырымдылыққа ақша жинау үшін пайдалана алады. Болашақта да бұдан әрі біз осылай балаларға көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз».
«АЯЛА» қайырымдылық қоры және «BeSmart» компаниясы бірігіп акция өткізіп жатқандарын көріп «Heliophil» компаниясы игі жұмысқа қосылуға дайындығын білдірді. Бүгін ұсыну рәсімінде «Heliophil»-ның өкілі Жанара Самбетова балалар үйінің территориясында газондар үшін қызғалдақтың пішіндісіне келтіріліп жасалған соны шам шырақ орнатты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/1288-news-kz#sigFreeIda317332c70