Бүгін сауда-сауық орталығы MEGA Park-те «Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкені өткізудің бастаушылары Алматы қаласының №1 перзентханасына арналған «Менің балалық шағымдағы аула» жобасын іске асыруға біздің қорға көмектесуге қалау білдірген ерікші жас аналар тобы болды. Жас әйелдер бірнеше апта бойы осы жәрмеңкеге дайындалды. Олар өздері жасаған здерінің тауарлары мен өнімдерін жәрмеңкеге әкелген балалар киімдерін сататын бутиктермен және handmade шеберлерімен байланыс жасады. Киімдерден басқа, қол өнерінің шеберлері жұмсақ ойыншықтар, бижутериялар, балалық сабындар, суреттер, құрақ көрпелер, бас киімдер, бөкебайлар және көп тағы басқаларды дайындапты. Заттарға бағалықтар қыстырылған. Оларда бокске салуға керек сомалар көрсетілген. Sinooil компаниясы ұсынылған 20 боксте біртіндеп ақша жиналды.
Жәрмеңкеге назарды тарту үшін біз кішкентай концерт ұйымдастырдық. Келіп-кетушілердің алдында П.И. Чайковский атындағы Алматылық музыкалық училищесінің эстрадалық вокал бөлімінің студенттері көрініс көрсетті. Екі би нөмірін «Юная леди» тобы дайындады. Әсерлі және патриоттық өлеңдермен жас қазақстандық «Смокинг» тобы шықты. Негізгі сахнаның жақын қасында, жұмбақ қара шымылдықтың артында микромагия тамашаларын Евгений Усиченко – маг, сиқыршы, чародей және ұлтаралық Almaland мектебінің оқытушысы көрсетіп жатты. Кейін Евгений сахнада сиқырдың феериялық нөмірін көрсетті.
Қайырымдылық жәрмеңкесінің екінші бөлігінде балалардың барлық назарларын балалар үшін көптеген қызық этафеталар, жарыстар мен ойындар ұйымдастырған аниматорлар тобы тартты. Балалық мерекемен бірге өткізген қайырымдылық жәрмеңке ССО MEGA Park келіп-кетушілеріне қатты ұнады. Жағдайды пайдалана отырып, MEGA Park-тің басқармасы мен әкімшілігіне өз территорияларын қайырымдылық шара өткізуге бергендері үшін алғысымызды айтамыз. Одан басқа, қайырымдылық жәрмеңкенің ұйымдастырушылары ұлтаралық Almaland мектебіне «Менің балалық шағымдағы аула» жобасына қаражат жинау жөніндегі акция ұйымдастыруға көрсеткен көмектері үшін өз алғыстарын біліріп жатыр. «АЯЛА» қайырымдылық қоры, солай-ақ, «Балаларға қуаныш сыйла» жас аналар тобына сүйсіне қарады. Біз алфавит тәртібімен осы еркіншілер бірлестігінің барлық қатысушыларын атап шығайық: Әйгерім Беғалыкызы, Әйгерім Жаббарбергенова, Айнұр Мақажанова, Әлиә Мұқатаева, Бақыт Уалиева, Динара Ярулина, Жанар Ашимова, Индира Қасымова, Камилә Абдрахманова, Мадина Төлегенова, Мақпал Испаева, Медина Тлеуғазы, Меруерт Жанбакиева, Наргиз Мусаева, Светлана Анисимова.
Қайырымдылық жәрмеңкесінің үстінде барлығы 462 952 теңге жиналды. Біз Алматы қаласындағы №1 перзентханаға салып беруді жоспарлап отырған балалық ойын алаңы 1 100 900 теңге тұрады. Сондықтан, біздің қор осы жобаны іске асыру үшін басқа біздің тұрақты серіктестерімізді тарттық та, жетпейтін соманы жинап алдық.
Жақын арада қазір перзентханада тұрып, емделіп, тәрбиеленіп жатқан туылғанынан 4 жасқа дейінгі 33 жаңа түрлі түсті замануи , және, ең бастысы, қауіпсіз ойын алаңында бос уақыттарын қызық өткізе алатын болады. Бұл алаң «АЯЛА» қайырымдылық қоры елдің барлық түкпіріндегі көптеген қалаларда «Менің балалық шағымдағы аула» жобасының шектеуінде балалық санаторияларға, интернаттарға, ауруханаларға және балалық үйлеріне салып берген есеп бойынша 26-шысы.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/1526-news-kz#sigFreeId2d74e7cb19