Бүгін №2 балалар үйінде жаңа әсерлі балалық ойын ауласының салтанатты ашылуы өтті. Бұл «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Менің бала шағымдағы аула» жобасын іске асыруының арқасында мүмкін болды. Жобаның осы бөлігінің бас демеушісі болып қазақ ұлттық тасымалдаушысы «Эйр Астана» авиакомпаниясы шықты.Ойын кешенінің бағасы 1 609 048теңгені құрады.
№2 балалар үйінде 68 бала бар, оның 40-ы – жастайынан мүгедек, 13 бала Дауын синдромынан азап шегеді. Балаларды асырап алуға болатын еді, бірақ, медициналық проблемалар бұл мүмкіндіктің алдын алып тұр. Белгілеп кеткіміз келіп отыр, Алматыдағы перзентханалардың саны азайып келеді. Екі жыл бұрын Алматы қаласында бір перзентхана жабылған болатын. Балалар басқа қалған екеуіне апарылды, себебі, кішкентай пациенттердің саны бірталай азайды.
«Эйр Астана» авиакомпаниясының «АЯЛА» қорымен ынтымақтасып жүргеніне бірнеше жыл болды, және сол ынтымақтастың нәтижесінде Қазақстанның әр түрлі түкпіріне – Өскемен және Семей қалаларындағы аз қамтылған жанұя балаларына арналған интернаттарда, тағы және, Шымкент қаласындағы керең және шала еститін балаларға арналған интернатқа орналастырған балалық аулалар болып табылды. Қыркүйектің басында «Эйр Астана» авиакомпаниясы мен «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Менің бала шағымдағы аула» жобасын іске асыру барысында Атырау және Талдықорғанда орналасқан интернаттар территорияларына әсерлі балалық ойын аулаларын салады.
Одан басқа, Эйр Астана мен «АЯЛА» қоры бірігіп «Тыныс ал, балақай» жобаның шектеуінде көптеген облыстық перинаталды орталықтардың шала туылған пациенттеріне көмек көрсетті. Авиакомпания, солай-ақ, Қазақстандағы балалық кардиохирургиясын дамыту жөніндегі «Менің де өмір сүргім келеді» жобасына қатысқан.
№2 перзентханасының бас дәрігері Латипа Қамзаевна Хасанованың айтуынша: «Қайырымдылық ұйымдар мен олардың серіктестерінің берген жәрдемдері, әр түрлі себеп күшімен біздің қамқорымызға түсіп жүрген балалардың тұрмыстарын, іш көріністерді және көрсетіп жүрген медициналық көмектердің деңгейін жақсартады. Барлық медициналық қызметкерлер мен тәрбиешілер біздің балаларға көмектерін аямай жүрген бей-жай емес адамдарға алғыстарын айтып жатыр».
«Ұлттық әуетасымалдаушы өз қызметінің алғаш күндерінен бастап қайрымдылыққа ерекше көңіл бөледі. Әуекомпания әрдайым балалар үйлері мен интернаттарға қолдау көрсетеді, жетімдер және мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін түрлі шаралар өткізеді. Жобалар республиканың кез келген аймақтарында ойдағыдай жүзеге асырылады. Бүгін біз мұнда бүлдіршіндерімізге мереке сыйлағымыз келеді және оларға мейрімді және аман-сау болсын дегіміз келеді», – деп айтты «Эйр Астана» АҚ вице-президенті Белла Тормышева.
Жангелді Сарсенов, «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті былай деп белгіледі: «Эйр Астана» авиакомпаниясының қайырымдылық ұйымдарымен белсеңді ынтымақтасып жүргені басшылық пен қызметкерлердің жоғары моралдық қабілеттерін, және тағы, Қазақстанның үлкен авиатасымалдаушысының әрекетінің әлеуметтік бағытын дәлелдейді».
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/1724-news-kz#sigFreeIda825bc7f7f