Бүгін Петропавл перзентханасының медициналық бөліміне центрифуга, электрсорғыш және физиотерапия аппараты Биоптрон тапсырылды. Бұл рәсім «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Менің үмітімнің үйі» жобасын іске асырудың кезеңі болып табылды.
Өткен жылдың мамырында қорға петропавл үйлену салоны «Арудың» қызметкерлері келді. Салонның жылдығына қайырымдылық шара өткізу шешілген. Интернеттен ізденіс Әсем Қасымованы, «Ару» салонының жетекшісін «АЯЛА» қоры мен «Менің үмітімнің үйі» жобасына әкеліпті. Мерекелік шара үстінде 394 700 теңге жиналған екен, оған жоғарыда көрсетілген жабдықтар сатып алынды. Бұл жоба үшін қаражат жинауға қайырымды және мейірімді әйел Әлия Молтанова қатысты, ол жобаға 15 000 теңге қосты. Сатып алынған медициналық аппаратураның жалпы бағасы 407 360 теңге.
Петропавл перзентханасы 1921 жылы ашылған. Қазіргі таңда осы медициналық балалық мекемеде орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) неше түрлі аурулары бар 60 бала тәрбиеленіп жатыр. 43 тәрбиеленуші ата-аналарының қамқорынан айрылған. Жалғыз басты әйелдердің ауыр материалдық жағдайларына байланысты 17 бала перзентханаға уақытша жатқызылған, осы 17-нің үшеуі перзентханада ауыр ауруларына байланысты жатыр.
Петропавл қаласындағы перзентхана, бәрінен бұрын, ол медициналық мекеме. ОЖЖ патологиясы және аурулары бар тәрбиеленушілерді тиімді емдеу үшін мекемеге медициналық жабдықтар жетіспейді. Толық құнды жұмыс үшін тағы, жайлы микроклимат жасау үшін, ауа ионизаторын және физиотерапия үшін жабдықтарды сатып алу қажет.
«Ару» үйлену салонының жетекшісі Әсем ҚАСЫМОВА былай деді: «Әр адам өз мүмкіндігіне қарай қайырымдылықпен айналысу қажет. Шараға мүмкін қалай көмектесерін білмейтін, бірақ, ол олардың қалауларын кемітпейді, адамдар келсе ғой дедік. Біздің қалада қажетенетіндерге, әсіресе, балаларға көмектесуге дайын адамдар көбірек болар, деп үміттенеміз. «АЯЛА» қоры ұйымдастыруға қатты көмектесті, қызметкерлері жұмыстың дұрыс жолын көрсетті. Үлкен рахмет! Бастауымызды жалғастыруға тырысамыз».
Перзентхананың бас дәрігері Марина АХМЕТОВА былай деп белгіледі: «Біздің перзентханаға бей-жай емес Әсем сияқты адамдардан, және бізден өте алыс, оңтүстік астанада тұратын «АЯЛА» қайырымдылық қорынан көмек алу өте ұнамды. Біздің бүгін алған жабдықтардың арқасында біздің балаларға көрсететін медициналық көмек одан да көп жақсаратын болды».
«АЯЛА» қорының миссиясы – біздің елдегі қайырымдылықтың мәдениеті мен дәстүрін қалыптастыру. Біздің жобаларға біздің қордың көмек бенефциарлары орналасқан аймақтарда тұратын табысты адамдар мен қарапайым халық үн қосқан кездерде, қашанда болса қуантады. Үйлену салоны «Ару» қызметкерлерінің бастаулары Солтүстік Қазақстандағы барлық бизнес үшін үлгі болар, деп сенеміз», - деді Жангелді САРСЕНОВ, «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті. Медициналық жабдықтарды тапсыру рәсіміне үйлену салоны «Арудың» қызметкерлері, және қаражат жинау шарасы өткен жер «Эмират» СК өкілдері, зал, подиумды дайындаған «Кружева» декор студиясының қызметкерлері қатысты. Жаңа қайырымшылар балаларға үлкен емес сыйлықтар сатып алды – ойыншықтар, памперстер және торт пісіріп берді. Мейірімді адамдардың келуі педагогтарды да, медицина қызметкерлерін де, және балаларды да қатты қуантты.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/2008-news-kz#sigFreeId2b7c75b6c9