Аяз Ата Жаңа жылдық мерекеде біздің қамқорлығымыздағы балаларға тек конструкторлар мен ойыншықтарды ғана әкелген жоқ. Алматы қаласындағы № 2 бөбектер үйіне ол ерекше әрі қажетті сыйлықтармен келді. 2 – 5 жас аралығындағы бөбектерге 35 термо ішкиім жиынтығы сыйға берілді. Әрине, тәтті ауқат та болды. Осындай жағымды науқанның демеушісі Fine Design компаниясы және бас директоры Сергей Ким болды. Ол «АЯЛА» қорының командасымен бірге сыйлықтарды тапсыруға қатысты. Тәтті сыйлықтарды балаларға kaspi bank қызметкерлері берді. Балалар қонақтарға алғыс ретінде өздерінің үздік тақпақтарын айтып берді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/2363-news-kz#sigFreeIdfedd2a5d50