Бүгін Алматы қаласындағы №2 сәбилер үйінде балалар қонақтар күтуде. «АЯЛА» қайырымдылық қорының командасы балаларға сүйікті ойыншықтарын әкелді. Сыйлықтардың тізімінде: құммен сурет салуға арналған жарық үстелі, тактильді жол, балалар ыдыс-аяқ жиынтығы және басқа да көптеген сыйлықтар. Құны 400 000 теңге болатын түзету-дамыту жабдығын сатып алу демеушісі Виктория Кузина болды.
Қазіргі уақытта мекемеде туғанынан бастап 6 жас аралығындағы 50 бала тұрып жатыр. Ойыншықтар «Дәрігер-бөлме» жобасының шеңберінде сенсорлық бөлме үшін сыйға берілді, ол бөлмеде балалар демалып, күш жинайды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/2386-news-kz#sigFreeId698f31e9d1