28-01-2015 Талдықорғанда мен Щучинскте екі жаңа сенсорлық бөлме пайда болды

Талдықорған мен Щучинск қалаларындағы сәбилер үйлерінде сенсорлық бөлмелерін...

Талдықорған мен Щучинск қалаларындағы сәбилер үйлерінде сенсорлық бөлмелерін қолдануға енгізуінің символдық рәсімі болып өтті. Бұл Британ-Қазақ Қоғамы ұйымдастырған жүгірістер барысында жиналған қаражаттың арқасында мүмкін болды. Жүгірістер үш қалада өтті – Астанада, Алматыда және Лондонда. Жүгірістер барысында жиналған барлық қаражат, міне, үш жыл бойы қатарымен «АЯЛА» қайырымдылық қорының жобаларын іске асыруға бағытталып отыр. Өткен жылдары қаражат облыстық перинаталды орталықтардың балалық реанимация бөлімдерін қамту бойынша «Тыныс ал, балақай» жобасын іске асыруға бағытталатын. 2014 жылдың BKS жүгірістер үстінде жиналған қаражат Талдықорған және Щучинск қалаларындағы сәбилер үйлерінд«Доктор бөлмесі» жобасын іске асыруға бағыттауды шештік. «АЯЛА» қайырымдылық өорының «Доктор бөлмесі» жобасы бойынша, перзентханалардағы, балалық санаториялардағы және түзету ясли-бақшалардағы көптеген сенсорлық бөлмелер жабдықталды. 2014 жылы қайырымдылық BKS жүгірісін өткізу барысында 2 739 090 теңге жиналды. Ал, екі сенсорлық бөлмені салу үшін 5 640 850 теңге қажет. Жобаның демеушілері мен серіктестері Қазақстан Халық банкі, Британ-Қазақ Қоғамы, Kamkor Management компаниялары, және қайырымдылық BKS жүгірістеріне қатысқан көп санды жеке адамдар болды.   

Сәбилер үйлерінде ата-аналарының жылы қамқорынан айрылған туылғанынан 4 жасқа дейінгі балалар тұрып, тәрбие алып емделіп жатады. Тәрбиеленушілердің көбі – бала кездерінен мүгедек. Сенсорлық бөлмелер орталық және жергілікті жүйке жүйелері бұзылған және менталды мен қозғалулары бұзылған және басқа көптеген атологиялық жағдайлары бар балалардың емделу мен сауықтырылуы үшін  өте маңызды. Сенсорлық бөлмеде орнатылған жабдықтар адамның барлық сезім ағзаларына әсер жасайды, сонымен бас және омыртқа мыйларының бұзылғандарын қалпына келтіріп жаңа жасушалы байланыстар қалыптасуына ықпал жасайды. 

Британ-Қазақ Қоғамының атқару директоры Гаухар БРАМЛЕЙ-ФЕНТОН былай деді: «Бізге «АЯЛА» қайырымдылық қорымен жұмыс істеу өте қызық, себебі, оның жобалары көп жылдар бойы өзінің тиімділігін дәлелдеп жүр, ал, қордың қаржылық жұмыстары өте ашық анық. Біздің үш жыл ынтымақтастасымыздың арасында, менің ойымша, бізде өте жақсы команда қалыптасты». «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Станислав КОСОБОКОВ былай деп белгіледі: «Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік жобаларға деген назар Халық банкінің демеушілік және қайырымдылық саясатының қашанда болса басымында болған. Осы мәселеде жақсы жағдай біздің «АЯЛА» қайырымдылық қорымен көп жылдан бері келе жатқан серіктестігіміз. Банк «АЯЛА» қайырымдылық қорына денсаулық сақтау және медициналық мекемелерді замануи жабдықтармен қамтамасыздандыруда қолдап демеушілік көмек көрсетеді. «АЯЛА» қайырымдылық қорының жобаларын іске асыру үшін Банкпен барлығы 79 млн. теңге бағыталды».

Талдықорған қаласындағы сәби үйнің бас дәрігері Гүлнар Сағатбековна КЕРТАЕВА былай деп әңгімеледі: «Бізде сенсорлық бөлмені жабдықтаған кезде, екі күннен кейін мен ол жақтан жалауды естідім. Мен, балалар неге сенсорлық бөлмеде жылап жатыр екен деп, барып қарап едім, олар сол жақтан шыққылары келмей жатыр екен, оларға ол жер ұнайды. Біздің қамқорымыздағылар мен қызметкерлердің атынан қайырымдылық жүгірістер барысында қаражат жинаған барлық адамға үлкен жылы алғысымды айтамын. Алматы мен Астанада қайырымдылық жеткілікті дамығанын білемін. Осы қалалардың тұрғындары және Лондондағы біздің достарымыз біздің перзентханамыз үшін қаражат жинағандарын қатты қадірлейміз. Сенсорлық бөлмедегі сауықтыру, менің ойымша, балалардың жағдайларын жақсартады да, олардың нағыз жанұя құруларына мүкіндіктерін көтереді».

 «Біздің сенімді серіктестерімізге – Қазақстан Халық банкіне, Kamkor Management компаниясына, Британ-Қазақ Қоғамына, және қайырымдылық BKS жүгірістерінде кез-келген қашықтықты жүгіріп өткен спортсмендер мен қызығушылардың барлығына біздің жобаларға қатысқандары үшін алғысымды айтқым келеді. Жергілікті БАҚ біздің жобаның аяқталғаны туралы ақпаратты жариялар, деп сенемін, және ол бүкіл елдің ішінде қайырымдылықтың дамуына ықпал жасар», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді САРСЕНОВ. 

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп