Алматыдағы тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және көзі нашар көретін балаларға арналған № 123 арнайы (оңалту) бөбектер бақшасында жаңа дамыту ойыншықтары пайда болды. Олар ағаш пен пластмассадан жасалған. Бұл пирамидалар, матрешкалар, көкөністер жиынтығы, жануарлар сұлбалары, машинкалар және тағы басқасы. Мұндай ойыншықтар балаларға моторика мен логикасын дамытуға көмектеседі.
Бұл ойыншықтарға қаражат «Спец Транс Экспресс» ЖШС арқасында жиналды. Жалпы құны – 70 000 теңге. Ойыншықтарды балаларға «АЯЛА» қайырымдылық қоры тапсырды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің меңгерушісі Гүлнар Наурызбаеваның айтуынша, бөбектер бақшасында бүгінгі күні көзі нашар көретін балаларға арналған 4 топ және сал ауруына шалдыққан балаларға арналған 2 топ бар. Барлығы – 60 тәрбиеленуші.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kindergartens-kz/item/1390-news-kz#sigFreeId09eae61ef3