«АЯЛА» қайырымдылық қоры Алматы қаласының көзі нашар көретін балаларға арналған №13 оңалту бөбектер бақшасына жаңа дамытушы жабдықты тапсырды. Балаларға акустикалық қабырғаға ілетін панель, сондай-ақ «Түрлі түсті домино», «Шытырман-дөңгелек» және «Магниттік шарлар» тактильді-дамыту панельдері тапсырылды. Құны 200 000 теңге болатын жабдық Alageum Electric холдингтік компаниясы бөлген қаражатқа сатып алынды.
№13 бөбектер бақшасының 30 жылдан астам жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Қазіргі кезде мекемеде 90 тәрбиеленуші бар, олардың 15-і – мүлдем соқыр дәрежесіне жақын балалар. Барлығы 6 топ бар. Мамандардың айтуынша, көзі нашар көретін балалар үшін тактильдік сезімталдықты дамыту өте маңызды, себебі жазу сондай сезімталдыққа негізделген. Сондықтан да сыйға берілген оңалту-дамыту жабдығы балаларды дамыту үшін өзекті әрі маңызды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kindergartens-kz/item/1583-news-kz#sigFreeId007c61b4d3