Біздің тұрақты серіктесіміз – ШЕВРОН компаниясының жақсы бір дәстүрі бар. Әр көктем сайын осы компания өкілеттілігінің барлық қызметкерлері Алматыда алдын ала дайындап қойған балалық денсаулық сақтау немесе білім мекемесінің территориясында корпоративтік сенбілік өткізеді. Барлық қызметкерлер дәрежелер тізімдігіндегі орындарына қарамастан территорияны көріктендіруге барынша кіріседі – қоқым-соқым жинап шығарылады, шарбақтар, күркелер, орындықтар және территорияда бар басқа жабдықтар жүнге келтіріледі. Одан басқа тағыда территорияны көгалдандыру өткізілді. ШЕВРОН компаниясына олардың әлеуетті әріптестері – көпшілікке «политех» етіп танымалы Қ. Сатпаев атындағы Қаз ҰТУ–ден еркіншілер көмек көрсетті.
Осы жылы ШЕВРОН компаниясының сенбілікке объект ретінде көрулері бұзылған балаларға арналған №137 ясли-бақша территориясы болды. Біріншіден, балабақша территриясына КСИЛ компаниясының шығарған замануи балалық ойын алаңы орнатылды. Бұл балалық ойын алаңының бағасы 1 884 750 теңгені құрады. Одан басқа, территорияны гномдардың, тырналардың, жүгі бар есектің түрлі түсті фигуралары көріктендірді. Көп жылдан бері пайдаланудан қалған бассейн әдемі гүлзарға айналды. Ол үшін бір толық жүк мәшине қара топырақ әкелінді. Гүлдерден басқа, территорияға сәнді тал-шіліктер отырғызылды. Барлық дайындық жұмыстары мен ландшафты әрлендірмені төлем ақысыз негізінде «Крона ЛТД» ЖШС жасады. Барлық балалар, педагогтар мен ата-аналар атынан бөлек арнайы осы компанияның директоры Елсуков Валентин Леонидовичке алғысымызды айтқымыз келіп отыр.
Ясли-бақша тәрбиешілерінің сөздеріне қарағанда, олардың мекеме территориясы сыйқырлы жағдаймен өзгеріп кеткен сияқты. Ол тек әдемі болып қалған емес, және өте ыңғайлы болды. Ашық түсті көру қоздырғыштары көрулері бұзылған балалар үшін өте маңызды, және ол біздің елдің болашағына жасалған ШЕВРОН компаниясының дәстүрлі үлесі. ШЕВРОН кезекті рет өзінің бизнесінің әлеуметтік бағытын дәлелдеді, және, ең бастысы, компания бұны үнемі дәлелдеп отырады.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kindergartens-kz/item/2015-news-kz#sigFreeId80247869eb