№ 1 Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері болашақ туралы өздерінің асқақ армандарымен бөлісті. Бүгін бұл жерде «АЯЛА» қорының «Болашағың өз қолыңда» жобасының шеңберінде қорытынды сабақ өтті.
Мекеменің түлектеріне екі ай бойы заңгер Бибігүл Айтөкенова, психолог Назгүл Қалиева және кәсіпкер Ғалым Жукупбаев дәрістер оқып, семинарлар өткізді. Ұстаздар балаларға кәмелетке толмаған азаматтардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі, еңбек құқығы, жеке бизнесті ашу негіздері туралы айтып берді.
Балалар өз идеяларын ұсынды. Біреуі болашақта ТБС иесі болғысы келеді, тағы біреуі ірі компанияны басқарам дейді, кейбір қыздар өздерінің жеке сұлулық салонын ашуды жоспарлайды. Қорытынды сабақ ойын түрінде өтті. Балалар өмірдегі жоспарларымен бөлісті, ал сарапшы Ғалым Жукупбаев арманды қалай іск асыруға болатыны туралы кеңес берді. Ойын аяқталғаннан соң әрбір бала қордан сыйлық алды.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kindergartens-kz/item/2196-news-kz#sigFreeIda349aac4a7