23-04-2015 Ойнап дамимыз

Осылай арнайы (түзету) ясли бақшаларға көмек көрсету жөніндегі жоба аталады.

Осылай арнайы (түзету) ясли бақшаларға көмек көрсету жөніндегі жоба аталады. Бұл жобаның шектеуінде біз сөйлеулерінде бұзылулары бар балаларға арналған №111 ясли бақшасына құммен сурет салу үшін үстел, жанасу-дамыту тақтайшасын, балалық пирамидасын және үстел ойындарын тапсырдық. Бұл жабдықтар психологқа және тәрбиешілерге балалармен жұмыс істегенде көмек болады. Балалар музыка тәрбиешісімен бірге біз үшін шамалы концерт дайындапты.  

«Ойнап дамимыз» жобаның бұл жартысының демеушісі болып туристік компания  Gloria Inc. – біздің бұрыннан келе жатқан досымыз және серіктесіміз шықты. Біз Gloria Inc.  компанияның директоры Вильдана Битановаға және «АЯЛА» қорының достар клубының белсеңді мүшесі Диана Баймұхаметоваға осы жобаны іске асыруға көмек көрсеткендері үшін жеке алғысымызды айтамыз. №111 ясли бақшасына жіберілген жабдықтардың бағасы 205 10 теңгені құрады.

Қызметкерлер көмек көрсеткен үшін бізге жылы алғыстарын айтты, бірақ, өз кезектерімен ойынға арналған алаңдар құм-кұм, деп жалынды, одан өте көп шаң болады, балалар ойын кездерінде осы шаңмен дем алуға мәжбүр. Бұл мәселе жөндеу кезінде барлық ойын алаңдары жуылмаған және себілмеген құмға көмілгеннің нәтижесінде пайда болды. Бұл мәселені, бір осындай ясли бақшасында жасағандай, алаңдарды ең құрмаса жасанды шөппен жапса шешуге болады. Бұл мәселе мемлекеттік органдардың және арнайы (түзету) №111 ясли бақшасының ата-аналар комитетінің назарынан тыс қалмас, деп үміттенеміз.   

 Барлық фотосүреттерді жүктеп