02-04-2015 Samsung Electronics-тың қайырымдылық аукционы

Бүгін Rixos Almaty отелінде Samsung Electronics компаниясының екі жаңа флагманының...

Бүгін Rixos Almaty отелінде Samsung Electronics компаниясының екі жаңа флагманының тұсаукесері өтті. Біздің қор осы әшекейлі және қамтылған рәсімге қайырымдылық аукционның бенефициары ретінде шақырылды. Аукционист ретінде тартымды Линда Нигматулина – атақты әнші және әртіс шықты. Өз рөлін Линда тамаша орындады. Алматы қаласындағы интеллектуалды дамуларында бұзылулары бар балаларға арналған №2 түзету ясли бақшадағы «Ойнап дамимыз» жобасын іске асыру үшін 59 400 теңге жинау қажет болған. Линда жеңімпаз жаңа Samsung Galaxy үшін S6 950 000 теңге төлейтін етіп аукционды «ойнатты». Осы моделдің бірінші иесі Билайн үялы оператор компаниясынан келген  Константин Федорец болды.      
Айтпақшы, біз барлық біздің оқырмандардың естеріне салып отырмыз, Билайн компаниясы «Өмірге дем салайық» жобасын іске асыру үшін өз клиенттеріне қатысуға мүмкіндік ұсынуды жалғастырып жатыр. Ол үшін 1462 нөміріне SMS жіберсе болды, абоненттің есебінен 100 теңге жобаға барып салынады. Онымен қоса, бір нөмірден SMS санына шектеу салынбаған. 

Аукционға оралайық. Samsung Electronics Central Eurasia компания президенті Ким Юн Су тағы бір өте жомарт қылық жасады – ол Константиннің ұтысын екесе көбейтті. Қайырымдылық аукционның нәтижесі «Ойнап дамимыз» жобасын іске асыруға 1 900 000 теңге бағыталатыны болды, сондықтан, дамыту бұйымдарымен қамтамасыз ету көмегін тек Алматы қаласындағы №2 түзету ясли бақшасы ғана емес, біздің қаланың басқа мектепке дейінгі мекемелері де алатын болды.

Біздің қор Samsung Electronics компаниясымен өз серіктестігін мақтан етеді. Ортақ «АЯЛА+ SAMSUNG» жобасының дамып келе жатқаны және жаңа нұсқалар жасап жатқаны қуантады.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп