«АЯЛА» қайырымдылық қоры жарнамалық Fine Design агенттігі мен Indesit компаниясымен бірге Алматы қаласындағы сөйлеулерінде қатты ауыр кемшіліктері бар балаларға арналған тузету №111 ясли-бақшасына білім және дамыту жабдықтарын тапсырды.
Жаз – дәстүр бойынша балалық білім беру мекемелеріне қатысты қайырымдылық ісінің ең қызу маусымы емес. Бұл түсінікті, себебі, бұл кезде мектеп-интернатының, балалық үйлерінің балалары каникулда болады. Бірақ бұның түзету ясли-бақшаларының тәрбиеленушілеріне қатысы жоқ. Бұнда балалар жыл бойы болады. Қазіргі таңда №111 ясли-бақшаларды 80-ге жақын мектепке дейінгі балалар келіп кетіп жүреді.
«АЯЛА» қоры бұрыннан бері және табысты «Ерекше балаларға – ерекше назар» жобасын іске асыруда. Бұл жоба шеңберінде арнайы (түзету) мектеп-интернаттарына көмек көрсетіліп жатады. Бұл мектептерде көрулерінде, сөйлеулерінде естулерінде, интеллектілерінде және т.б. неше түрлі кемшіліктері бар балалар оқиды. Оқушылардың жастары 7-ден 17-ге дейін. Бермен келе «АЯЛА» қоры, табысты түзету үшін балалармен мектепке дейінгі жаста айналыса бастау керек деген шешімге келді. Солай тузету балабақшаларға көмек көрсету жөніндегі «Ойнап дамимыз» атты жоба пайда болды. Осы жоба бойынша мектепке дейінгі мекемелерге ерекше балаларға арналған жабдықтар, дамыту ойындары, оқу құралдары жіберіледі. Осындай жабдықтардың көбі Қазақстанда шығарылмайды, сондақтан, мемлекеттік түзету ясли-бақшаларының арнайы бұйымдарға қол жеткізу мүмкіндіктері қатты шектелген.
Енді, міне, осы жобаға жарнамалық Fine Design агентігі мен Indesit компаниясының қатысуларының арқасында толық құнды білім алуға және келешекте табысты әлеуметтенуге балалардың мүмкіндіктері көтерілер.
Түзету №111 ясли-бақшалар үшін үстелдік дамыту ойындарды сатып алуға қаражат Indesit компаниясының территориясында өткен «Алматы – гүл қала 2015» Фестивалінің барысында жиналды. Естеріңізде болса, Indesit компаниясының эксклюзивті тоңазытқыштарын ойнату кезінде 202 500 теңге жиналған. Ясли-бақша үшін осы сомаға балалардың сөйлеулерін ашуға әсер беретін тактилді-дамыту панелдер, есеп материалдары мен басқа да дамыту ойындары сатып алынды.
«Indesit компаниясы мен жарнамалық Fine Design агенттігі біздің қорға фандрайзингтің өте қызық және ерекше түрін, яғни, қаражат жинау үшін, көмек көрсету үшін ұсынды. Біздің серіктестеріміздің жаңа бірдемелерін шығарып жататындары жағымды, және олар қайырымдылықтың жаңа бір әдістерін тауып ұсынып жатады. Indesit компаниясы «Алматы - гүл қала 2015» фестивалінің үстінде жинаған 200 000 теңгеден асқан қаражат арнайы түзету №111 ясли-бақшасының балаларына арналған керемет, түрлі-түсті, сезінумен түсінетін, қауіпсіз және өте пайдалы үстелдік дамыту ойынын сатып алуға бағытталды. Бұл ясли-бақшасымен біз серіктестесуімізді былтыр бастаған болатынбыз», - деп белгіледі «АЯЛА» қайырымдылық қорының қоғаммен байланысу жөніндегі вице президенті Жангелді САРСЕНОВ.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kindergartens-kz/item/937-news-kz#sigFreeId628f68fdbd