«АЯЛА» қайырымдылық қоры және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы Алматы қаласының төрт балабақшасына 1 897 000 теңге сомасына бірегей дамытушы материалдар мен ойындарды, оның ішінде «Нумикон» жиынтықтарын тапсырды. Іс-шара №124 бөбектер бақшасында өтті. Мұндай сыйлықтарды алушылардың арасында сөз сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 66 бөбектер бақшасы, ақыл-ой қабілеті кем балаларға арналған № 2 бөбектер бақшасы және көзі нашар көретін және сөз сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 111 бөбектер бақшасы. Нумикон дегеніміз – әрі әдістеме, әрі көрнекі материал жиынтығы, оны арифметиканы зерделеуді жеңілдету мақсатында Ұлыбританияда ойлап тапқан болатын. Жобаның әріптесі SamsungElectronics компаниясы болды. Бұдан басқа, «Байланыс әліппесі» аса ірі бөлшек желі директорының өкілі Константин Федорецке және SamsungElectronicsCentralEurasia компаниясының президенті Ким Юнске жеке алғыс білдіреміз.
Биылғы жылғы сәуірде SamsungElectronics компаниясының екі жаңа флагманын таныстырудың орын алғанын еске саламыз. Біздің қорымыз бұл рәсімге қайырымдылық аукционының бенефициары ретінде шақырылды, онда Константин Федорец 950 000 теңге рекордтық сомаға Қазақстандағы тұңғыш SamsungGalaxy S6 телефонын сатып алды. Өз кезегінде, Samsung компаниясы Константиннің мөлшерлемесін екі есе қойды. Осылайша, жиналған қаражат «Ойнаймыз және дамытамыз» жобасын іске асыруға жұмсалды, оның мақсаты – мектепке дейінгі мекемелерді дамытатын жабдықтармен қамтамасыз ету.
«Қайырымдылық аукционына қатысу шеңберінде маған Samsung Galaxy S6 телефонының тұңғыш иесі болу құрметі бұйырды. Алайда мен жаңа смартфонға емес, «АЯЛА» қорына қолдау көрсеткеніме риза болдым. Бұл ұйым өте пайдалы іспен айналысуда. Маған игі мақсат – дамытатын жабдықты сатып алу ұнайды. Маған осы акцияға қатысуды ұсынған кезде мен бірден келістім» - деп түсініктеме береді «Байланыс Әліппесі» директоры Константин Федорец.
«Samsung Electronics компаниясы, IT-саладағы көшбасшы бола отырып, қоғам үшін пайдалы маңызды жобаларды іске асыруда дарын мен инновацияларды пайдалана отырып, елдің стратегиялық даму бағдарламаларына белсенді түрде қатысады. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстанда біз жас ұрпаққа білім беру, мәдениеті және денсаулығы саласындағы ең өзекті мәселелерге айрықша көңіл бөлдік. Бұдан басқа, біз «АЯЛА» қорымен, сондай-ақ басқа да қайырымдылық қорларымен және қоғамдық ұйымдармен әріптестікте қайырымдылық қызметін белсенді түрде қолдаймыз», - деп атап өтті Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері Бағжан Бердібай.
«Samsung Electronics компаниясымен ынтымақтастық елеулі пайда әкеліп отыр. Оңалту интернаттарындағы, шипажайларындағы және балабақшалардағы балаларға білім беру жағдайлары едәуір жақсартылды. Samsung Electronics компаниясымен бірге «АЯЛА» қоры Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Есік қаласының көзі нашар көретін балаларға арналған интернатының тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ Алматы қаласының балалар ауруханаларына және перзентханаларына көмек көрсетті. «АЯЛА» қоры Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының барлық қызметкерлеріне игі істерге қатысқаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді», – деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президенті Жангелді Сәрсенов.
«Бізге сөз сөйлеу қабілеті бұзылған және көзі нашар көретін балалар келеді. Біздің бөбектер бақшасынан емделгеннен кейін олар әдеттегі мектептерге кетеді. Балаларға көмектесу абзал және олар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге тиіс деп ойлаймын», – деп хабарлады № 124 оңалту бөбектер бақшасының меңгерушісі Айнұр Қарақұлова.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kindergartens-kz/item/956-news-kz#sigFreeIde858e81a57